Архив событий

26/05/2016

Облыстық сотта дөңгелек үстел өтті

26/05/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі» Заңы аясындағы «Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қағида талаптарының орындалуын қамтамасыз ету барысындағы мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Негізсіз қозғалған әкімшілік іс қысқартылды

26/05/2016

      Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат К. алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде, өз үйінде, балдызы Б-ға балағат сөздер айтып, сыйламаушылық білдіргені үшін, оған қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

«Ашық есік күні» өткізілді

26/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. «Ашық есік күніне» келген азаматтарды судья Қ.М.Бержанов қабылдады.

Қабылдауға Қызылорда қалалық білім бөлімі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның маманы З.Қошманов, қала тұрғыны Т.Өмірзақов қатысып, өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Жаңақорған аудандық сотында брифинг өткізілді

26/05/2016

23 мамыр 2016жылы Жаңақорған аудандық сотының судьясы А.Б.Бекботаев, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы А.Б.Бекботаев талап қоюшы «Валют-Транзит Банк» АҚ-ы тарату комиссиясының несие берешегін өндіру туралы талап арыздары бойынша қозғалған істер туралы түсіндірме беріп өтті.

Денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жазаға тартылды

26/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 108-бабымен жекеше айыпталған С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С., 10.04.2016 жылы сағат 21.00-дер шамасында Әйтеке би кенті, Жаңақазалы көшесі 5 үйдің алдында жекеше айыптаушы О-ны ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, ҚР ҚК-нің 108-бабында қаралған қылмысты жасаған.

Сотта сотталушы С-ның қылмыстық әрекеті өзінің мойындау жауабымен, куәнің жауаптарымен және істегі жинақталған басқа да құжаттармен  толық дәлелденіп, бекітілді.

Байқоңыр қалалық сотының жетекші маманы Е.Сулейменов көшпелі семинар сабағын өткізді

26/05/2016

Байқоңыр қалалық соты мамандарының Байқоңыр филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығында инспекторларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» тақырыбында көшпелі семинар сабағы өткізілді.

Ювеналды сотында семинар – тренинг өтті

26/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Шараға ювеналды соттың кеңсе меңгерушісі М.Асанова, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Семинар-тренингте  кеңсе меңгерушісі М.Асанова мемлекеттік қызметші азаматтар мен қызметтестерімен қарым – қатынаста сыпайы , әділ, салмақты  болуы керектігін және  барлығына ортақ этика нормаларын сақтау керектігін айтып өтті.

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

26/05/2016

23 мамыр 2016 жылы Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен азамат Б-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Б. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша азамат Б. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Қызылора облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен online режимінде интернет-конференция өткізді

26/05/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қайырбеков Нұрлан Мұратұлының бастамасымен сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін online режимінде интернет-конференция өтті.

Интернет-конференциясының қорытындысы бойынша облыс тұрғындары төраға блогына Судьялар одағының жұмысы және "Судья әдебі" кодексі туралы, кодекс талаптарын орындамаған судьяларға қандай шара көрілетіні, сондай-ақ, сот хатшылығына орналасу үшін жарияланатын конкурс, алимент мөлшерін азайту туралы және тағы да басқа сауалдарын жолдады.