Қызылора облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен online режимінде интернет-конференция өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қайырбеков Нұрлан Мұратұлының бастамасымен сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін online режимінде интернет-конференция өтті.

Интернет-конференциясының қорытындысы бойынша облыс тұрғындары төраға блогына Судьялар одағының жұмысы және "Судья әдебі" кодексі туралы, кодекс талаптарын орындамаған судьяларға қандай шара көрілетіні, сондай-ақ, сот хатшылығына орналасу үшін жарияланатын конкурс, алимент мөлшерін азайту туралы және тағы да басқа сауалдарын жолдады.

Төраға блогына түскен сауалдарға ақпараттар мен тиісті түсіндірулер берілді.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбековпен online режимінде интернет-конференция өткізу ай сайын жоспарланған.

Алдағы уақытта төраға блогына (http://kzl.sud.kz/kaz/node/add/question) өз сауалдарыңызды жолдауға болады.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі