Архив событий

04/05/2016

Ардагерлерге құрмет

04/05/2016

7 мамыр - Отан қорғаушылар және 9 мамыр- Ұлы Жеңіс күндеріне орай, Қармақшы аудандық сотының судьясы Л.Алибекова, кеңсе меңгерушісі Е.Матжанов пен жетекші маман И.Успанова Ұлы Отан Соғысының ардагері 93 жастағы Бисенбаев Қуанышбай мен тыл ардагері 82 жастағы Шүленова Кәмпиттің үйлеріне барып, аудандық соттың кеңсе ұжымының атынан Жеңіс күнімен құттықтады.

Судья Л.Алибекова сот ұжымының атынан ардагерлерге сыйлықтар ұсынып, олардың ерліктері келешек ұрпаққа үлгі екенін атап өтті. Қонақтарға бақыт, бейбітшілік, денсаулық, ырыс-береке тіледі.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (04.05.2016 ж.)

04/05/2016

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы  лауазымына (санаты С-О-4 ):

Кайбалдиева Айнур Амангелдиевна.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпарттық ресурстарды қорғау бөлімінің бас маманы лауазымына  (санаты С-О-5):

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

04/05/2016

2016 жылдың 3 мамыр күні Қызылорда облыстық сотында бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Қабылдауға қала тұрғыны С.Алимбетова келіп, алқа билердің қатысуымен қаралатын қылмыстық іс туралы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша сот жүйесіндегі оңтайландырулар туралы сұрақтар қойды.

Тараптар жеке айыптау ісі бойынша татуласқан

04/05/2016

Арал аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалған азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Ж., жеке айыптау тәртібімен күйеуі Н-ны ҚР ҚК-нің 108 бабында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны, яғни өзіне қол жұмсап, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін оны қылмыстық жауапқа тарту туралы сотқа арыз берген.

«Төрелік» жүйесі сот мамандарына кеңінен түсіндірілді

04/05/2016

Жалағаш аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесі бойынша семинар сабағы өтті.
Семинарға аудандық соттың қызметкерлері қатысып,  «Төрелік» жүйесі бойынша сұрақтар талқыланды.
Кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев «Төрелік» ақпараттық жүйесі бойынша баяндама оқыды. Бүгінде, бұл жүйе қажетті ақпаратты жылдам тасымалдайды.
Жүйе бойынша сотқа түскен хаттар мен тапсырмалар сот төрағасының атына келеді, мамандарға орындау үшін жіберіледі, кеңсеге, одан тиісті мекен – жайға жолданады. Бұл тізбек әлдеқайда қағазбастылықтан арылтады.

Жанұя шырқын бұзғаны үшін жазаланды

04/05/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы К., 25.04.2016 жылы алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде, отбасы-тұрмыстық қатынастағы әйелі Б-ға балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, сыйламаушылық білдірген.

Сотта жәбірленуші Б., күйеуінің өзіне үнемі балағат сөздер айтатынын, сондықтан оған кешірім бермейтінін, тиісті шара қолдануды сұрайтынын көрсеткен.