Архив событий

06/05/2016

Облыстық сотта бейнебайланыс арқылы оқып үйрену сабағы өтті

06/05/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Электронды жүйе тиімділігі» тақырыбында бейнебайланыс арқылы оқып үйрену сабағы өтті.

Шараға Қызылорда облыстық сотының соттар әкімшісінің басшысы А.Жұмамұратов, соттар әкімшісі басшысының орынбасары С.Смағұлова, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот отырысының хатшылары, облыс соттарының кеңсе мамандары қатысты.

Сондай-ақ, Қазалы аудандық соты, Қармақшы аудандық соты, Шиелі аудандық соты бейнебайланыс арқылы оқып үйрену сабағынан қалыс қалмады.

Сырдария аудандық сот ұжымы ардагерді құттықтады

06/05/2016

Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ж.Жолдасов  және  баспасөз хатшысы М.Асан Ұлы Отан Соғысының ардагері Тасыров Яхия ақсақалдың отбасына барып, келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, батырмен кездесіп қайтты.

Тасыров Яхия 1922 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Ұлы Отан Соғысына шақырылып, елі үшін аянбай еңбек еткен.

Ұлы Отан Соғысының бірінші,екінші дәрежелі орденімен, сондай-ақ 17 түрлі төс алқалармен марапатталған.

4 баланың ардақты әкесі, немере-шөберелердің атасы.

Облыстық сотта Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті

06/05/2016

Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді.

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/05/2016

Арал аудандық сотында тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан азаматша А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша А., азық-түлік дүкенінде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігінсіз сауда жасап, өз бетінше пайда тауып отырған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденді.

Ауданда медиаторларға арнап медиация кабинеті ашылды

06/05/2016

Күні бүгінге дейін азаматтардың түсініспеушілігінен туындаған қандай да бір дау-дамай немесе жанжалды мәселелер тараптардың сот билігіне жүгінуі арқылы шешілуде. Өмір тәжірибесінің өзі көрсетіп отырғанындай, кез келген мәселенің сотта қаралуы бір күнде немесе бір аптада шешіле қоюы әсте қиын. Ал Медиация туралы заң кез келген азаматтық келіспеушіліктерді айлап, апталап қарамай-ақ, керісінше, істің күрделілігіне қарай бір-екі сағатта немесе бір күнде шешуге жол ашады.

Көлікті жолдың қарсы бағытына шығып басқарған

06/05/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596 бабының 3 бөлігімен азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К., 23 сәуір 2016 жылы Арал қаласы, Әбілхайыр хан көшесі бойында өзінің басқаруындағы ««Mazda 626» маркалы автокөлігімен, жол жүрісі қағидаларымен тыйым салынған жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.