Архив событий

16/05/2016

Қызылорда қалалық сотында оқып-үйрену сабағы өтті

16/05/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Апелляциялық, жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу. Азматтық істерді апелляциялық сатыға жолдау» тақырыбында оқып-үйрену сабағы өтті. 

Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне айыппұл салынды

16/05/2016

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442 бабының 3 бөлігі бойынша азаматша  А-ға қатысты  әкімшілік  іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес азаматша А. осыған дейін кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуына жол бергені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға бола тұра, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап осы әрекетті жасаған.

Лотерея ойынын ақшаға ойнаған

16/05/2016

30.04.2016 жылғы сағат 13:00 минут шамасында М. Қызылорда қаласы, Тоқтыбаев көшесінің бойында орналасқан сауда үйі алдында ақша құмар ойынын, яғни «Евро Спринт» лотерея ойынын ақшаға ойнаған.

Құқық бұзушы М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 444-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып ойын құралдары, ақша, заттар және өзге де құндылықтар тәркіленіп, оған салынатын 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 424 200 теңге 30 пайызға қысқартылып, 296 940  теңге айыппұл салынды. 

Тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды

16/05/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж., масаң күйінде өз үйінде жанжал шығарып, әйелі М-ның мазасын алып, балағат сөздер айтып, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші М., құқық бұзушыға кешірім беретінін айтып, өзара татуласуларына байланысты әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

Ұсақ бұзақылық жасап, әкімшілік қамаққа алынды

16/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б., 04.05.2016 жылы сағат 17.00-дер шамасында Қазалы ауданы, Көбек бекетінде көршісі Ж-ға былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдіретін әрекеттерімен қоғамдық тәртіпті бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта азамат Б-ның әрекеті өзінің, жәбірленушінің берген жауаптарымен және істегі өзге де құжаттармен өз дәлелін тапты.

Қайыршылық жасаумен айналысқан

16/05/2016

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматша Н. 24.04.2016 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына уақытша 24.05.2016 жылға дейін тіркеуге тұрып, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі бойында қайыршылық жасаумен айналысып жүрген жерінен полиция қызметкерлерімен ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушы Н. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарылды.

Кәмелетке толмаған сотталушыға 1 жыл сынақ мерзімі берілді

16/05/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына кәмелетке толмаған жасөспірімнің ҚР ҚК-нің 106 бабының 2 тармағының 7 тармақшасымен қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы бұрын соңды танымайтын бейтаныс жәбірленушіні көшеде тұрған жерінен ұрып-соғып, шаппа пышағымен өміріне қауіпті жерден  жарақат салған.

Сот отырысында кәмелетке толмаған сотталушы жәбірленушімен татуласып істі қысқартуды сұрады. 

Көлік құралын басқарудан айырыла тұра, масаң күйде көлік басқарғаны үшін жазаға тартылды

16/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Қ-ға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотталушы Қ., 16.04.2016 жылы сағат 02.40-тар шамасында көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, Қазалы қаласы, Түктібаев көшесінің бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Х а б а р л а н д ы р у

16/05/2016

Үміткерлермен 2016 жылғы 13 мамырда өткізілген әңгімелесу қорытындысымен Байқоңыр қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы уақытша бос лауазымына (санаты С-R-5) өтпеген кандидаттар тізімі:

Бакытов Нурболат Бакытович;

Успанов Жанибек Куантаевич.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі» тақырыбында семинар өтті

16/05/2016

12 мамыр 2016 жылы Жалағаш аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі» тақырыбында семинар өтті.

Егер адам қорғауға міндеті жүктелген халық мүддесі мен мұратынан өзінің заңсыз жеке мүддесін биік қойса, сыбайлас жемқорлық көріністері туындайтыны сөзсіз.

Жүйелі сыбайластық мемлекет билігінің тиімді қызмет жасауын төмендетеді және көпшілік билік органдарына адамдардың сенімін кетіреді, сондықтан әр тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қажет.