Архив событий

18/05/2016

Алкоголь өнімдерін мемлекеттік лицензиясыз сақтап, сатқан

18/05/2016

Дара кәсіпкер Г. Қызылорда қаласы, Титов көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінде тақырыптық тексеру жүргізу барысында алкоголь өнімдерін мемлекеттік лицензиясыз сақтап және сатып отырғандығы анықталып, барлығы 117 дана жалпы сомасы 45 420 теңгенің өнімі айналымнан алынып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Әкiмшiлiк іс бойынша қамаққа алынды

18/05/2016

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен шетелдік азаматы Ф-ға қатысты қозғалған әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

18/05/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Мемлекеттік қызметкер алаяқтық жасаған

18/05/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында бөтен мүлікті ірі мөлшерде сенімді теріс пайдалану жолымен арқылы жымқырып, алаяқтық жасаған сотталушы  Т – ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, сотталушы Т. жәбірленуші Е-ге 2 жер учаскесін алып беретініне сендіріп, тек 1 000 000 (бір миллион) теңге берсен өзім қалғанын реттестіремін деп алдап алған.

Осыдан кейін сотталушы Т. қылмыстық әрекетін одан әрі жалғастырып танысы жәбірленуші Б-ны кездестіріп, жер учаскесін алып беретінін, өзі барлығын реттестіретінін айтып, одан 500 000 теңгені алдап алып, жымқырған.

Қармақшы аудандық сотында брифинг өткізілді

18/05/2016

Қармақшы аудандық сотының мәжіліс залында «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында брифинг өткізілді. 

Брифингке аудандық сот төрағасы Абдуллаев Қанатбек, аудандық сот судьясы Алибекова Лаура және «Қармақшы таңы» редакциясының өкілі Н.Жанәбілов қатысты.

Аудандық соттың төрағасы Қ.Абдуллаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады.

«Медиация» Заңына сәйкес татуласты

18/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2,3 тармақтарымен айыпталған Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ж., алкогольден масаң күйінде бөтеннің мүлкін қоймаға заңсыз кіріп, бірнеше рет жасырын жымқыру мақсатында жәбірленушілер А. және К-ның тұрғын үйлерінің ауласында орналасқан сарай ішінен самаурын және газ балондарын жасырын жымқырып, жәбірленушілерге мүліктік залал келтіріп, ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігінің 2,3 тармақтарында көзделген қылмысты жасаған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

18/05/2016

Құқық бұзушы К. 17 наурыз 2016 жылы сағат 12:00 шамасында, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесінің бойында, тіс емханасы жанындағы орталық базардың қақпасының ішінде, яғни, қоғамдық орында темекі шегіп, шеккен темекісінің тұқылын жерге тастап, ортақ пайдалану орындарын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған, осы әрекеттерімен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы К. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

18/05/2016

17 мамыр 2016 жылы Сырдария  аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 2,5-бөлімі бойынша Өзбекстан Республикасының 4 азаматына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Іс құжаттарына сайкес, Өзбекстан Республикасы азаматтары жеке мақсатпен келіп, арнайы рұқсат алмай, Қазақстан Республикасының аумағындағы құрылыс жұмыстарымен рұқсатсыз жұмыс жасағаны анықталған. Сот мәжілісінде бұл азаматтар өз кінәларын мойындап, рұқсатсыз жұмыс істегендерін көрсетті.

Бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

18/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен айыпталған Қ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Қ., 20.04.2016 жылы сағат 10.00-дер шамасында жәбірленуші К-ның автокөлігінің алдыңғы сол жақ жарық фарын аяғымен теуіп сындырып бөтеннің мүлкін бүлдіріп, бұзақылық жасап, ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасаған.

Сотта сотталушы мен жәбірленуші кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келісімге келіп, қылмыстық істі қысқарту туралы тараптардың өтініштері жазбаша арызбен және медиативтік келісіммен рәсімделді.

Әкімшілік қамаққа алынды

18/05/2016

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы Т-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. алкогольдік масаң күйінде  автокөлікті басқару құқығы жоқ бола тұра, Байқоңыр қаласы Набережная көшесінде басқарған.

Сот отырысында, құқық бұзушы Т. өз кінәсін мойындап, сол күні өзінің туылған күнін тойлап, ертесіне екі шөлмек сыра ішіп, автокөлікпен қаланы араламақшы болғанын айтты.

Сот шешімімен еңбек өтілі фактісі анықталды

18/05/2016

Арал аудандық сотында азаматша А-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілін анықтау фактісі жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматша А., арызында 1978 жылдың сәуір айынан 1998 жылдың шілде айына дейін «Кызылордастрой» ПМК мекемесінде слақшы-бояушы болып жұмыс істегенін, алайда еңбек кітапшасындағы жазбаларға тиісті мөр басылмағанын, еңбек өтілін растайтын құжаттарды басқа жолмен алуға мүмкіншілік болмағанын, сол себепті жоғарыда аталған жылдардағы еңбек өтілі фактісін анықтау үшін сотқа жүгінгенін көрсеткен.

Тиым салынған заттарды берген

18/05/2016

Құқық бұзушы Н. ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші Е-ге жіберген хатты ашып тексеру барысында 5 000 теңге табылып, аталған мекеме қызметкерлерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушы Н. ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін іріктеу комиссияның шешімі бойынша оң қорытындысын алған судьялыққа кандидаттардың тізімі

18/05/2016

Қызылорда облысының судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өту үшін іріктеу комиссия хаттамалық шешімінің қорытындысы бойынша оң қорытындысын алған тағылымдамадан өтетін тағылымдамашы-кандидаттардың тізімін белгіленді.

Аты-жөні

Жұмыс орны, қызметі

1.        

Қорғау нұсқамасын бұзған

18/05/2016

Құқық бұзушы С. Қызылорда қаласы, С.Торайғыров көшесіндегі үйіне  алкогольдік масаң күйінде келіп ағасы М-ға тиісіп, отбасының шырқын бұзып, ішкі істер органы 12.03.2016 жылы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған.

Құқық бұзушы С. ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалсын.