Архив событий

12/05/2016

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

12/05/2016

Қызылорда қалалық сотында облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының судьясы С.Н.Жуынтаеваның, қалалық соттың төрағасы А.М.Бабатовтың, судьялар мен кеңсе меңгерушісінің қатысуымен жедел кеңес өтті.

Жедел кеңесте облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының судьясы С.Н.Жуынтаева соттың жұмыс барысымен таныса келе, апелляциялық сатыға жолданатын істердің рәсімделуі, дәлелдеме құжаттардың іске тіркелуі және басқа да сұрақтар бойынша нақтырақ тоқталып, орын алып отырған кемшіліктер жайлы айтты.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасы жауапкершілікке тартылды

12/05/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А., 23 сәуір 2016 жылы сағат 23.35 шамасында кәмелетке толмаған 2001 жылы туылған Ж. есімді баласының заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-тен кейін жүруіне жол берген, нақ осы әрекетті жыл көлемінде қайталап жасаған.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынды

12/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматша А., 09.04.2016 жылы дүкенде 21 жасқа дейінгі азамат А-ға алкоголь өнімін сатып, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта азаматша А-ның әрекеті өзінің мойындау түсінігімен және істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Сот қаулысымен азаматша А., кінәлі деп танылып, оған 14847 теңге айыппұл салу туралы әкімшілік жаза қолданылды.

Сырдария аудандық сотында тергеу судьясы туралы сұрақтар талқыланды

12/05/2016

Сырдария аудандық сотында тергеу судьясымен Қылмыстық процестік кодексі қолдану және осы бағытта 2015 жылы бойынша талдау жасау сұрақтары бойынша семинар өткізілді.

Аталған семинарға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы  Ж.Жолдасов., аға прокурор Е.Алтынбай., аудандық ІІБ-нің өкілдері және «Тіршілік тынысы» газетінің өкілі А.Ибрагимұлы  қатысты.

Медиация тақырыбында семинар сабағы өткізілді

12/05/2016

2016 жылдың 12 мамыр күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дауды медиация арқылы шешу және оны рәсімдеу мәселелерін түсіндіруге арналған семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, прокурор Ж.Нурашев және сот қызметкерлері қатысты.

Қазалы аудандық сотында брифинг өткізілді

12/05/2016

Қазалы аудандық сотында 29 сәуір 2016 жылы жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен, 296-бабының 2-бөлігімен  айыпталған Н-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Қызылорда қалалық сотында алимент өндіру туралы азаматтық іс бітімгершілік келісіммен қаралды

12/05/2016

Азаматша И. сотқа жауапкер әкесі К-дан 21 жасқа толғанша ай сайын 30 000 теңге мөлшерінде алимент өндіру туралы талап қою арызын келтірді.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар мәмілеге келіп, дауды бітімгершілік келісіммен шешті.

Қармақшы аудандық соты «Сот актілерін орындау сапасы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

12/05/2016

Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев  «Сот актілерін орындау сапасы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге судьялар, аудандық прокуратура, әділет басқармасы, пробация қызметінің  өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

12/05/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б., 01.05.2016 жылы әйелі А-ға былапыт сөйлеп, отбасы тыныштығын бұзып, жергілікті полиция қызметімен шығарылған қорғау нұсқамасының талаптарын сақтамай, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабында қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта азамат Б-ның әрекеті өзінің мойындау түсінігімен және істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

«Медиация» туралы заң талқыланды

12/05/2016

Қармақшы аудандық сотында «Медиация» туралы заңды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге прокуратура, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, кәсіби емес медиатор және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.

Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу.