Жаңақорған аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

23 мамыр 2016жылы Жаңақорған аудандық сотының судьясы А.Б.Бекботаев, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы А.Б.Бекботаев талап қоюшы «Валют-Транзит Банк» АҚ-ы тарату комиссиясының несие берешегін өндіру туралы талап арыздары бойынша қозғалған істер туралы түсіндірме беріп өтті.

Аталған талап арыздар азаматтық іс жүргізу тәртібінде қаралып, оның ішінде 1 азаматтық іс бойынша талап арыз сот шешімімен ішінара қанағаттандырылса, 1 азаматтық іс бойынша сот-қолтаңбалық сараптаманың қорытындысы дайын болғанша тоқтамға алынған.

Ал, «Валют-Транзит Банк» АҚ-ы тарату комиссиясының қалған 9 азаматтық істері сот қолтаңбалық сараптаманың қорытындысы мен келісім шарттағы қолдар сол азаматтардікі емес болып шыққаны анықталып, талап арыздар сот шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылды.

Брифинг соңында Жаңақорған аудандық сотының судьясы А.Б.Бекботаев «Жаңақорған тынысы»  газетінің тілшісіне сұхбаттасқан үшін өз алғысын білдірді.

Қайнар: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі