Денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 108-бабымен жекеше айыпталған С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С., 10.04.2016 жылы сағат 21.00-дер шамасында Әйтеке би кенті, Жаңақазалы көшесі 5 үйдің алдында жекеше айыптаушы О-ны ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, ҚР ҚК-нің 108-бабында қаралған қылмысты жасаған.

Сотта сотталушы С-ның қылмыстық әрекеті өзінің мойындау жауабымен, куәнің жауаптарымен және істегі жинақталған басқа да құжаттармен  толық дәлелденіп, бекітілді.

Сот үкімімен сотталушы С., ҚР ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылып, оған 63630 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі