Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

23 мамыр 2016 жылы Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен азамат Б-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Б. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша азамат Б. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен азамат Б. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен  («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру  жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі