Сот бұзақылық фактісі бойынша медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында 17 мамыр 2016 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 293 бабының 1 бөлігімен сотталушы С-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы С. 30 наурыз 2016 жылы түңгі сағат 23.30 дар шамасында, «Көктем» кафесіне ішімдік ішкен масаң күйінде келіп, себепсізден айқай-шу шығарып, кафе ғимаратының құны 5000 теңге тұратын терезесін және құны 55 000 теңге тұратын есігін сындырып, қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен ұштасқан бұзақылық әрекетін жасаған.

Кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев «Медиация туралы» Заңның 27 бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, сотталушы мен жәбірленушінің татуласуына, келтірілген мүліктік залалды қалпына келтіруге қол жеткізіп «дауды реттеу туралы келісім» жасап сотқа ұсынған.

ҚР ҚпК-нің 35 бабының 1 бөлігінің 12 тармағына сәйкес, қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты тоқтатылуға жататындықтан, сотталушы С. қылмыстық кодексінің 68 бабының 1 бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі