Облыстық сотта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі» Заңы аясындағы «Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қағида талаптарының орындалуын қамтамасыз ету барысындағы мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары, аудандық соттардың кеңсе меңгерушілері, Қызылорда облысының Әділет депараменті, облыстық оралықтандырылған заң консультациясының адвокаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен банк қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны облыстық сот судьясы А.Қожаниязов ашып, Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы И.Бәкішева күн тәртібімен таныстырды.

Іс-шарада құқықтық насихат және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Х.Алиев «Адвокат көрсететін заң төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қағида талаптарының орындалуы» бойынша баяндама жасады.

Халықтың құқықтық мәдениетін арыруға бағытталған «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2013 жылдың 3 шілдесінде қабылданған.

Аталмыш заң мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі жеке және заңды тұлғаларға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде олардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың құқықтық тетіктерін айқындайды.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі