«Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. «Ашық есік күніне» келген азаматтарды судья Қ.М.Бержанов қабылдады.

Қабылдауға Қызылорда қалалық білім бөлімі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның маманы З.Қошманов, қала тұрғыны Т.Өмірзақов қатысып, өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Атап айтқанда, қорғаншы органының маманы З.Қошманов бөлек тұратын ата-аналардың балаларымен кездесу мерзімін белгілеуде туындаған мәселелер бойынша сауалын қойса, Т.Өмірзақов жас мамандардың жұмысқа орналасуы жайлы сұрақтарын қойды.

Судья Қ.Бержанов қабылдауда болған азаматтарға заң нормаларын  түсіндіріп,  сауалдарына  жауап  берді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі