Қызылорда қалалық сотында «Заңсыз пайдаланылып жатырған жер телімдеріне меншік құқығын тану туралы істердің қаралуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы А.Бабатовтың, судьялардың және қала әкімінің орынбасары Қ.Д.Ансатбаевтың, қала прокурорының орынбасары Е.Қ.Әжібековтің, жер пайдалануды бақылаушы мемлекеттік орган мамандарының қатысуымен «Заңсыз пайдаланылып жатырған жер телімдеріне меншік құқығын тану туралы істердің қаралуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасы А.М.Бабатов осы күні сот өндірісіне жер телімдерін заңсыз пайдаланып тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан немесе тұрғын үйді салып жанұясымен тұрып жатқан азаматтардан жер телімдеріне және ондағы орналасқан құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап қою арыздарының көптеп түсіп жатқандығына тоқталды.

Сол себепті, дөңгелек үстелде осы санаттағы талап қою арыздарын қарауда азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбау мақсатында  туындауы мүмкін сұрақтар талқыланды.

Сондай-ақ, талап қою арыздарын беру кезінде азаматтық істі объективті түрде және мерзімінде қарау мақсатында қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодекс талаптары негізінде түсіндірілді. 

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі