Сотталушының өтінішхаты қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотымен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен  ауыстыру  туралы  өтінішхат  қаралды.

Алматы облысы Саркан аудандық сотының үкімімен сотталушы Д. Қазақстан Республикасының  ҚК-нің  190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 1 жылға  бас  бостандығынан  айыруға, жазасын  қоныс  колониясында  өтеуге  жаза  тағайындалған.

Сот отырысында ЗК 169/4 мекемесінің өкілі сотталған Д. қоныс колониясында өзін тек жақсы жағынан көрсете білгенін, тапсырылған жұмыстарды ұқыпты орындайтындығын, түзелуге бет бұрғанын көрсете отырып, сотталған Д-ның жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішхатын  қанағаттандыруды  сұрады. 

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-бабының 1-бөлігінің талабына сәйкес онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте адам, өмір бойына тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара  босатылуы мүмкін.

Сот  қаулысымен  ЗК-169/4-мемлекеттік  мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Д-ның  жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы өтінішхаты   қанағаттандырылды.

Қаулы  заңды  күшіне  енді.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі