Рұқсатсыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген тексеру нәтижесімен, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесінде орналасқан  дүкенге қосымша құрылыс салу объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органға берілетін хабарламасыз (рұқсатсыз) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге жол бергені анықталған.

Құқық бұзушы Г. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысанасын тәркілемей, 25  айлық есептік көрсеткіш көлемінде 53025  теңге айыппұл салынды. 

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі