Сот жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы  аудандық соты азамат Н-ға  қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта, азамат Н. алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, осы іс-әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндіргені анықталған.

Сот қаулысымен азамат Н. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі