«Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында 23 мамыр 2016 жылы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Дәстүрлі шара аясында қабылдауға келген азаматтарды аудандық соттың төрағасы Е.Тұрбаев қабылдады.

Шара барысында сот төрағасының қабылдауында Арал қаласының тұрғыны Ш.Мүстажапова болып, алажақ ақша өндіру мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.

Қойылған сауалдарға сот төрағасымен заң тұрғысынан тұжырымды жауаптар берілді.

«Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі