Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында сот қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Е.Матжанов  өз баяндамасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР  2015 жылғы 23 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,  2015 жылғы  18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңнамаларына, көпшілік мақұлдаған адамгершілік–әдептілік ережелеріне сай жасақталғанын айтты. Осы заң  мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік – әдептілік келбетіне және де олардың мінез-құлқының негізгі стандартын белгілейтіндігін және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандартын қалыптастыру және оларды орындауын жүйелі түрде бақылау халықтың мемлекетке деген сенімінің арта түсуіне, мемлекеттік қызметте қарым –қатынастың мәдениетін қалыптастыруына, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң ережелерінің және қызметтік әдептің бұзылуының алдын алуға  септігін тигізетіндігін атап өтті.

Семинардың соңында мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексінің ережелерін мүлтіксіз сақтап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлық күш-жігерін қолданып, азаматтармен және әріптестерімен сөйлескенде әдептілік және биязылық танытып, адал, әділ болуы және көпшілік мақұлдаған адамгершілік–әдептілік ережелерін сақтауы керектігі баса айтылды.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі