Судьялар Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесі қарсаңында бірнеше іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Жоспар бойынша қала төңірегіндегі оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арасында оқу орнына бара отырып,  әңгімелесу өткізу қарастырылды.

Жоспарды іске асыру мақсатында Қызылорда қалалық сотының судьялары Б.С.Пазылов, А.М.Джумабаев,  қалалық соттың баспасөз қызметін үйлестіруші судья К.А.Садуақасова және соттың баспасөз хатшысы Н.К.Дуйсеновалар Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде болып қайтты.

Кездесу республика гимнін орындаумен басталып,  судьялар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесі қарсаңында республикамыздың және сот жүйесінің жетістіктері жайлы студенттермен әңгімелер қозғады. Сот жүйесіндегі 100 қадам- Ұлт жоспары төңірегінде сот жүйесіндегі іске асырылып жатырған реформаларға тоқталды.

Судьялар Қызылорда қалалық сотының жұмысы, азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-шағымдарының қаралу тәртібі және ҚР «Жер туралы» Кодексінің кейбір баптарының қолданылуы туралы айтып берді.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі