Сот актілерін орындау сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында 23 мамыр 2016 жылы прокуратура, әділет басқармасы өкілдері және Сырдария аудандық мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуларымен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында  дөңгелек  үстел  өтті.

Дөңгелек үстелде әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот актілерін орындау жайында сұрақтар талқыланды.

Отырыс қатысуышылары аталған тақырыптарды талқылауға белсенді қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша құрылымдар арасында қоғам және мемлекет мүддесін қамтамасыз ету тиімділігін одан әрі арттыру үшін қарым-қатынасты жалғастыру ұсынылды. 

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі