Архив событий

21/04/2016

Қылмыстық сотта семинар-тренинг өткізілді

21/04/2016

2016 жылдың 20 сәуір күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік ақпараттық-талдау жүйесінде қылмыстық істер бойынша атқару парағын толтыру» тақырыбы  бойынша семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға сот қызметкерлері қатысты.

Семинар-тренингте сот қызметкерлері атқару парағын қалыптастыруды меңгеруге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

«Төрелік» жүйесі арқылы атқару парағын рәсімдеп, жолдау тәртібі талқылады

21/04/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша атқару парақтарын, әкімшілік істермен сот қаулылары «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімдеу және жолдау тәртібі туралы» үйрену сабағы өтті.

Акцизделетiн тауарларды есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзған

21/04/2016

Тақырыптық тексеру барысында жеке кәсіпкер Ж. Қызылорда қаласы, Сүлейменова көшесінде орналасқан дүкенінде 5 дана алкоголь өнімдерінің есептік-бақылау маркалары стандартқа сәйкес келмейтіндігі анықталып,  ҚР ӘҚБтК-нің 283-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Қызылорда қалалық сотында тұрғынжайдан шығару туралы істерді қарауға арналған жедел отырыс өтті

21/04/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуымен тұрғынжайдан шығару туралы істерді қарауға арналған жедел отырыс өтті.

Жедел отырыста сот төрағасы А.Бабатов тұрғын жайдан шығару туралы істердің қаралу тәжірибесіне тоқталды.

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 3 айында тұрғын жайдан шығару туралы 11 іс қаралса, 8-і бойынша талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданған. 3 шешім бойынша апелляциялық шағым түссе, 1 шешімнің жаңа шешім қабылдана отырып күші жойылған.

«Медиация заңының қолдануы» тақырыбында семинар өткізілді

21/04/2016

Қармақшы аудандық сотында «Қылмыстық сот ісінде Медиация заңының қолдануы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының төрағасы мен судьялары, прокуратура, ішкі істер органдарынын өкілдері кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Судья К.Қаниева  медиацияның – дауларды реттеудегі әдістердің маңыздылығымен қажеттілігін атап өтті.

Түнгі 23:00-ден кейін алкогольдік өнім сатқан

21/04/2016

Құқық бұзушы М. 30.03.2016 жылы жергілікті сағат 23:20 минут шамасында Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі бойында орналасқан  дүкенде сатушы болып тұрып, түнгі сағат 23:00 – тен кейін алкогольдік өнімін сатып  ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Құқық бұзушы М. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10  айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 21210 теңге айыппұл  салынды. 

Қармақшы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттің өзекті міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

21/04/2016

18 сәуір 2016 жылы Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев құқық қорғау органдар мен жергілікті уәкілетті мекемелер арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттің өзекті міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.