Қызылорда қалалық сотында тұрғынжайдан шығару туралы істерді қарауға арналған жедел отырыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуымен тұрғынжайдан шығару туралы істерді қарауға арналған жедел отырыс өтті.

Жедел отырыста сот төрағасы А.Бабатов тұрғын жайдан шығару туралы істердің қаралу тәжірибесіне тоқталды.

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 3 айында тұрғын жайдан шығару туралы 11 іс қаралса, 8-і бойынша талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданған. 3 шешім бойынша апелляциялық шағым түссе, 1 шешімнің жаңа шешім қабылдана отырып күші жойылған.

Сот төрағасы аталған санаттағы істерді қарау барысында назар аударуға қажетті негізгі жағдайларға тоқталды. Мысалы: сот шешімін қабылдау кезінде шығарылуға тиіс азаматтарды нақтылау, шешімге жанұя мүшелерімен емес тұрып жатқан кісілерді шығаруды көрсету қажет. 

Сот төрағасы судьяларға осы санаттағы істерді қарауға қойылатын заң талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі