Архив событий

26/04/2016

Қармақшы аудандық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

26/04/2016

Қармақшы аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Онда аудандық соттың 2016 жылдың І тоқсанында сот төрелігін атқару қорытындысы сөз етілді.

Баспасөз конференциясын аудандық сот төрағасы Абдуллаев Қанатбек, аудандық сот судьясы Алибекова Лаура жүргізді.

Сот төрағасы Қ.Абдуллаев сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша БАҚ өкілдеріне статистикалық мәліметтер айтып өтті.

Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініш қанағаттандырылды

26/04/2016

Арал аудандық сотында азаматша М-ның жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша М., Қызылорда қаласының №2 сотының 13.04.2015 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 192 бабының 1 бөлігімен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

26/04/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов судьялармен сыбайлас жемқорлықты алдын-алуға бағытталған іс-шараларды іске асыру тақырыбында жедел кеңес өткізді.

Жедел отырыста сот төрағасы соттың 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатында жасалған жоспарындағы іс-шараларды іске асыру барысына тоқталды.

Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы азаматтық іс қанағаттандырылды

26/04/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер Н-ның кәмелетке толмаған баласының тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары жаңа Әдеп кодексінің жобасын талқылады

26/04/2016

2016 жылдың 25 сәуірінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары арасында жаңа әдеп кодексінің жобасын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында судья Р.Шамшиев 2016 жылы судьялардың кезектен тыс VII съезі өтетіндігін, съезде судьялардың әдеп қағидалары мен іс-әрекеттері ережелерінің жаңа кодексі қабылданатынын айтты.

Қармақшы аудандық сотында «Тіл мәртебесі –ел мәртебесі» атты дөңгелек үстел өтті

26/04/2016

Қармақшы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі  Е.Матжанов және сот мамандарының  қатысуымен  «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді еркін игеру жөніндегі жұмыстарын оңтайландырып, тілдің даму сипатын жетілдіру және жаңғыртуға қолдау болу.

Жыл көлемінде қайталап әкімшілік құқық бұзушылық жасаған

26/04/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабының 4 бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы А. бұрын қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жыл көлемінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, қоғамдық орынға қайталап масаң күйінде келгені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот отырысында құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.

Темекі қалдығын тастағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

26/04/2016

Байқоңыр қалалық сотында азаматша А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, 20 сәуір 2016 жылы сағ.11.30 шамасында азаматша А. қоғамдық орында тұрғанын біле тұра, яғни Төретам станциясы перронында темекі қалдығын жерге тастап, айналасындағыларға сыйламаушылық көрсетіп, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес қоғамдық орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.