Архив событий

20/04/2016

Қызылорда облысы соттары Наурыз мерекесін тойлады

20/04/2016

Қызылорда облысы соттарының судьялары мен сот мамандары Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Наурыз мейрамы- күн мен түн теңеліп, жердегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын ерекше күн деп саналған. Бұл мереке 22 наурызбен 21сәуірге дейін жалғасып, тойланады.

Іс-шарада құрметті қонақ ретінде сот жүйесінің ардагерлері,құқық қорғау органдарының және атқарушы органдарының бірінші басшылары қатысты.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай сыр судьялары мен сот мамандары спорттық додада бақ сынасты

20/04/2016

Биыл жерінің асты сарқылмас байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығын зор салтанатпен атап өткелі отыр. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан елімізді бүгінде бүкіл әлем мойындайды. Тәуелсіздік – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн.

2016 жылдың 16 сәуірінде «Локоматив» спорт кешенінде егеменді еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына жылдығына орай, Қызылорда облысы судьялары мен сот қызметкерлері арасында спартакиада өтті.

Қызылорда облыстық сотында 3 айдың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті

20/04/2016

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттарының 2016 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы С.К.Байбатыров, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.М.Қайырбеков, облыстық соттың алқа төрағалары, облыс судьялары, соттар әкімшісі басшылығы қатысты.

Кеңес жұмысын облыстық соттың төрағасы Н.М.Қайырбеков ашты. Ол облыс соттары жұмыстарының негізгі статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды.

Жалағаш аудандық сотында 2016 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

20/04/2016

2016 жылдың 18 сәуірінде Жалағаш аудандық сотында 2016 жылдың 3 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, сот кеңсесінің қызметкерлері және аудандық «Жалағаш жаршысы» газет тілшісі С.Бертаев қатысты.

Баспасөз конференциясында аудандық соттың 2016 жылдың 3 айында атқарған жұмыстары қорытындыланды. Сонымен қатар, жаңадан енгізілген заңдар туралы баяндалды.

Балық аулау қағидасын бұзған

20/04/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабының 3 бөлігімен азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Дөңгелек үстел басында кездесу өтіп, жұмыс барысында орын алған мәселелер талқыланды

20/04/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының, судьялардың және аймақтық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Н.Саимовтың қатысуымен дөңгелек үстел басында кездесу өтіп, атқару парақтары мен сот орындаушыларының ұсыныстарын «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы  жолдау, тіркеу барысында туындаған мәселелерді талқылау өтті.

Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне айыппұл салынды

20/04/2016

      Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442 бабының 3 бөлігі бойынша азаматша Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес Р. осыған дейін кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуына жол бергені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға бола тұра, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап осы әрекетті жасаған.

«Үздік қақпашы» дипломымен марапатталды

20/04/2016

2016 жылдың сәуір айының 16 күні Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген ұйымдастыру комиссиясы және Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастыруымен, Қызылорда облысы соттарының судьялары мен сот қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған спорт түрлерінен спартакиада өткізілді.