Архив событий

18/04/2016

Сот жүргізушіні кінәлі деп таныды

18/04/2016

Қызылорда  қалалық мамандандырылған  әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат К-ның ісі қаралды.

Атқару парақтары мен сот орындаушыларының ұсыныстарын «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімдеу тәртібі туралы үйрену сабағы өтті

18/04/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Атқару парақтары мен сот орындаушыларының ұсыныстарын «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімдеу тәртібі туралы» үйрену сабағы өтті.

Кеңсе меңгерушісі А.Кульманова атқару парақтарын «Төрелік» жүйесі арқылы рәсімдеу, сот орындаушыларына жолдау және судья мен сот отырысы хатшысының электрондық қолтаңбасын қою тәртібі, қажеттілігіне қарай атқару парақтарының телнұсқасын рәсімдеп беру тәртібі жайлы айтып берді.

Қарақшылықпен жасалған қылмыс бойынша брифинг өткізілді

18/04/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

3 сотталушы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қоймаға кіріп, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен, пневматикалық, шолақ мылтықпен қаруланып, шабуылмен ұштасқан қарақшылық жасау туралы қылмыстық іс бойынша  журналистер қойған сұрақтарына жауап берілді.

Суық қаруды заңсыз алып жүрген

18/04/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287 бабының 1-бөлігімен сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Қызылорда қалалық сотында азаматтық іс онлайн байланыс мүмкіндіктері пайдаланыла отырып қаралды

18/04/2016

Азаматша А. сотқа алдын-ала тергеу абақтысында отырған жауапкермен араларындағы заңды некені бұзу және ортақ мүлікті бөлу туралы талап қою арызын келтірген.

Судья азаматтық істі объективті түрде қарау мақсатында, сот отырысын алдын ала тергеу абақтысы мекемесімен онлайн байланысқа шығу  арқылы жүргізді. 

Жауапкер онлайн байланыс арқылы іс бойынша толық мән-жаймен және жинақталған қосымша құжаттармен таныстырылып, сұралды. Жауапкер тарапынан іс бойынша шешім шығару барысында ескерілуге жататын  пікірлер білдірілді. 

Семинар-тренинг өткізілді

18/04/2016

2016 жылдың 15 сәуірінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен «Атқару-құжатын электронды түрде жолдау» тақырыбында аталмыш сот қызметкерлері арасында семинар-тренинг өткізілді.

Әкелік құқығынан айырылды

18/04/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкелік құқығынан айыру туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қарады.

Талапкер С. жауапкер Т-мен  2006 жылдың 12 қарашасында сот шешімімен ажырасқан. Алайда, жауапкер Т. кәмелетке толмаған қызына тәрбиелеу міндеттерін атқармаған, материалдық көмек көрсетпеген және  алимент төлеуден жалтарған. Сондықтан талапкер С. жауапкер Т-ны әкелік құқығынан айыруды сұрап сотқа жүгінген.

Қызылорда қалалық сотында арыз қанағаттандырыла отырып шешім қабылданды

18/04/2016

Азаматша Л. сотқа заңдық маңызы бар фактіні, атап айтқанда, арызданушының саяси құрбандар болып танылған ата-анасымен арнайы қоныста бірге тұрғандығын, сол себепті саяси құрбандарға жататындығын анықтау туралы арыз келтірді.

ҚР АПК-нің 305 бабының талаптарына сәйкес сот заңдық маңызы бар фактілерді бекіте алады, мәселен, арнайы аймақтарда арнайы уақытта тұру фактісін, жеке тұлғаның арнайы қоныстарда болғандығын, саяси қуғыншылыққа ұшыраған фактілерін.