Архив событий

05/04/2016

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

05/04/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 7 сәуірінде, сағат 10:00-ден 12:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қылмыстық сотта «Қылмыстық істерді қарау кезінде халықаралық шарттардың нормаларын қолдану туралы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

05/04/2016

Жуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қылмыстық істерді қарау кезінде халықаралық шарттардың нормаларын қолдану туралы» тақырыбы  бойынша семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева  және сот қызметкерлері  қатысты.

Қоғамдық пікір туғызған істер бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді

05/04/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Соттың мәжіліс залына жиналған бұқаралық ақпарат құралдарына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов сот өндірісінде қаралған қоғамдық пікір туғызған істер жайлы, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық туралы қылмыстық істерінің көбейіп бара жатқанын баяндады.

«Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту»

05/04/2016

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Халыққа дәстүрлі Жолдауларында да, басқа да мәртебелі жиындарда да халықты барлық тілдер мен мәдениеттерді, тарихты сыйлауға шақырады.

Судья әдебі талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылау мақсатында семинар сабағы өтті

05/04/2016

2016 жылдың 31наурызында Шиелі аудандық сотында Қызылорда облысы соттарының әдебі жөніндегі комиссия мүшесі Қызылорда облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Әбудың төрағалық етуімен «Судья әдебі талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылау» мақсатында семинар өтті. 

Шараға аудандық сотының судьялары мен мамандары қатысты.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

05/04/2016

Қармақшы аудандық сотында аудан тұрғындарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексінің жаңалықтарын түсіндіру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы Қ.Абдуллаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Републикасының құқықтық саласын түбегейлі жақсартатын жаңа Азаматтық процестік кодекс 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енгенін атап өтті.

Семинар сабағы өтті

05/04/2016

31 наурыз 2016 жылы Жаңақорған аудандық сотында Қызылорда   облысы  соттарының  судья  әдебі жөніндегі  комиссиясының  мүшесі, Қызылорда  облыстық  мамандандырылған  ауданаралық  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  сотының  төрағасы  А.К.Әбудің төрағалық етуімен «Судья  әдебі талаптарын, мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау және  сыбайлас  жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

«Жеке тұлғалардан салық берешегін өндіру туралы істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында талқылау өтті

05/04/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуында «Жеке тұлғалардан салық берешегін өндіру туралы істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында талқылау өтті.

Салық міндеттемелері – салық заңнамаларымен реттелген салық төлеушінің мемлекет алдындағы міндеттері болып табылады, оған сәйкес салық төлеушілер бюджет пайдасына салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеуі қажет. Жеке меншігінде салық салу объектісі болып табылатын мүлкі бар азаматтар салықты мерзімінде төлеп отырулары қажет.

Автокөлікті мас күйінде басқарған

05/04/2016

Қазалы аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы М., 2016 жылдың наурыз айының 05- күні  сағат 05:00 шамасында Әйтеке би кенті, Желтоқсан көшесінің бойында өз басқаруындағы «Lada Granta» маркалы автокөлігін алкогольдік мас күйінде басқарған.

Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан

05/04/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабының 7 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына қарағанда, құқық бұзушы К., Арал аудандық сотының қаулысымен көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, өз басқаруындағы «ВАЗ-21053» маркалы көлігін Арал қаласында басқарып, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген ішкі істер қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған.