Архив событий

29/04/2016

Аудан тұрғыны алғысын білдірді !

29/04/2016

Қазалы ауданының жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Қазалы» газетінің 27.04.2016 жылғы №32 санына аудан тұрғыны Гүлжазира Жүсіповадан Қазалы аудандық сотының судьясы Мұрат Бектайұлы Оспановтың атына «Әділ шешімдеріне ризамын» атты алғыс хаты жарияланған.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!

29/04/2016

Сіздерді 1-мамыр Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күнімен құттықтаймын.

Бұл күн - бірлігі мен тірлігі жарасқан жалпы ұлттық келісімнің, қасиетті ұлылықты паш ететін мамырлаған мамыражай мереке.

Қазақстан ұлт пен ұлыстың, бауыр мен туыстың, тілекші қауымдастықтың ырысты мекені. Тәуелсіз мемлекетімізді мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі ынтымақтастықта, тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді.

Егеменді еліміздің елеулі жетістігі әрбір қазақстандықтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі, халықтар достығымен де тығыз байланысты.

Құрметті оқырмандар!

29/04/2016

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!

Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің өзара татулығы мен бірлігі жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің айтулы мерекесі.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қадам басқан Отанымыз береке- бірлігінің арқасында қарышты қадам жасап, биік белестерді бағындырып келеді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» қағидасын ұстанған еліміздің өсіп-өркендеуіне, ел мерейін асырған жетістіктеріне тілегі бір халықтар достастығының арқасында жетіп отырмыз.

Құрметті журналистер! Назар аударыңыз, БАЙҚАУ!

29/04/2016

ҚР Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылора облыстық соты аудандық, қалалық және облыстық мерзімді БАҚ, телеарна және радио, интернет­ ресурстардың журналистері арасында «Сот репортері» тақырыбында байқау жариялайды.

Жыл сайын дәстүрге айналып, өткізіліп жүрген байқауға 2016 жылдың 1 қаңтарынан 20 маусым аралығында мерзімді басылымдарда жарияланған мақала, сұхбаттар мен көрсетілген бейнесюжеттер мен телебағдарламалар қазақ және орыс тілінде қабылданады.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында...

29/04/2016

9 мамыр - жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі де - осынау мерекенің жемісі.

Полиция қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өтті

29/04/2016

Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында аудандық соттың судьялары, жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен сотта қаралатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді талқылау мақсатында семинар сабағы өтті.

Іс-шараны Қазалы аудандық сотының төрағасы Қ.Темірбаев ашып, кездесудің өзара маңыздылығын айтып өтті.

Өнім беруші мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

29/04/2016

Талапкер «Қ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жауапкер «А» жеке кәсіпкерін жоcықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2016 жылдың 28 қаңтарында тараптар арасында № 67 келісім шарты жасалған. Келісім шартқа сәйкес, жеке кәсіпкер «А» жыл бойы тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша сиыр етімен қамтамасыз етуге міндеттенген.

Сот судьялары арасында арасында тренинг өткізілді

29/04/2016

28 сәуір 2016 жылы  Қызылорда қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  соты  судьялары  арасында  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының алкоголь өнімін  өткізу  жөніндегі  талаптарды бұзу тақырыбында  тренинг  өткізілді.

Кәмелетке толмағанның бұзақылығы үшін анасына айыппұл салынды

29/04/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435 бабымен азаматша К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 10 наурыз 2016 жылы азаматша К-ның кәмелетке толмаған баласы қоғамдық орында шемішке қалдықтарын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

29/04/2016

Қармақшы аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенімін және сот төрелігіне деген қолжетімділікті арттыру мақсатында кезекті «Ашық есік күні» өткізілді.

Әйелін балағаттаған

29/04/2016

Құқық бұзушы Р.  Қызылорда қаласы, Шұғыла мөлтек ауданындағы  пәтеріне келіп, жұбайы Р-ға  қарсы балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін іс-әрекеттерді  жасаған.

Құқық бұзушы Р.  ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.

Сотта оқып-үйрену семинар сабағы өткізілді

29/04/2016

2016 жылдың 29 сәуір күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік» жүйесі, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы арыздарды жолдау мен қабылдау» тақырыбында оқып-үйрену семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен және кеңсе қызметкерлері  қатысты.

Ортақ пайдалану орнын ластаған

29/04/2016

Құқық бұзушы М. Қызылорда қаласы, Шұғыла м/а №50 үй ауласында темекі қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орындарын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіретін іс әрекетті жасаған.

ҚР ӘҚБтК-ң 819-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы делінген.

Шиелі аудандық соты дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті

29/04/2016

Азаматтық процестік Кодекстің талаптарына сәйкес тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Судьялар №6 К.Маркс атындағы мектеп оқушыларымен кездесті

29/04/2016

Қызылорда қалалық соты Қызылорда қаласындағы №6 К.Маркс атындағы мектеп оқушыларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, жеңістің 71 жылдық мерейтойы және Отан қорғаушыларының күнін атап өтуге байланысты бекітілген жоспарға сәйкес кездесу өткізді.

Әкімшілік істер бойынша сот қаулыларын орындауға жолдау барысында туындаған мәселелер бойынша тренинг өткізілді

29/04/2016

28 сәуір 2016 жылы Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік  сотының  бас маман- сот мәжілісінің  хатшыларының  қатысуымен "Әкімшілік  істер бойынша сот қаулыларын орындауға жолдау барысында туындаған  мәселелер"  тақырыбында тренинг өткізілді.