Архив событий

19/04/2016

Такси белгісін қойып, заңсыз адам тасымалдау кәсіпкерлік қызметін жасаған

19/04/2016

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің нұсқамасына сәйкес тақырыптық тексеру барысында құқық бұзушы А. Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі бойында «MitsubishiGalant» маркалы, автокөлігіне такси белгісін қойып заңсыз адам тасымалдау кәсіпкерлік қызметін жасағаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Айбыны биік – «Айбын»

19/04/2016

Сот саласының қым-қуыт тіршілігінен бір уақ қол үзіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында судьялар мен мамандар арасында ұлттық мерекелерде спорттық дода тұрақты түрде өткізіледі. Бұл бір жағынан қызметкерлерді ұйымшылдық пен бірлікке үндейді.

Кәнігі спортшылардан кем түспейтін Қызылорда облыстық сотының судьялары мен қызметкерлерінен 2012 жылы құрылған «Айбын» тобы әр спорттық дода сайын жеңістің тұғырынан түспей келеді. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев бастаған топтың жалынды жастары жұмыста озат, сайыста белсенді.

Судьялар пікір алмасты

19/04/2016

Жуырда Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

         Семинар сабағына Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

         Іс-шараны Қызылорда облыстық сотының судьясы А.Наримов ашып, баяндамашыларға сөз кезегін берді.

Қызылорда қалалық сотының қызметкерлері арнайы марапатқа ие болды

19/04/2016

2016 жылдың наурызында елімізде Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне және жергілікті маслихаттардың депутаттығына сайлау өткендігі барлығымызға мәлім.

Осының негізінде және жоғарығы тұрған соттың тапсырмасымен сайлау алды және сайлау өту мерзімінде судьялар мен сот кеңсесінің жұмысы ерекше тәртіпте ұйымдастырылып, сайлауға қатысушылардың құқын қорғау мақсатында іс-шаралар атқарылған болатын.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/04/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен айыпталған Н-ның  қылмыстық ісі медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н., 28.02.2016 жылы сағат 22.30-дар шамасында Арал ауданы Сексеуіл кентінің тұрғыны М-ның тұрғын үйіне барып, тұрғын жайға заңсыз кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау ниеті туындап, үйдің ауласына кіріп, мал қорасынан екі бас қойын жасырын ұрлап, жәбірленушіге материалдық залал келтірген.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

19/04/2016

Қармақшы аудандық сотында құқық бұзушы Д-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613 бабы 4 бөлімімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, құқық бұзушы Д., полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамай, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтарған.

Жол жүрісі ережесінің 2.1.4 тармағына сай «Жүргізуші ішкі істер органдары қызметкерінің талабы бойынша масаң күйін куәландырудан өтуге міндетті».

Ұстазына былапыт сөйлеген

19/04/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды

19/04/2016

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Азаматтық Процестік Кодексінің 145-бабының 2-бөлігі 2-тармағының талабына сәйкес талап қою бағасына қарамастан, талап қоюшы ұсынған, жауапкердің ақшалай міндеттемелерін белгілейтін құжаттарға және шарт бойынша берешекті растайтын құжаттарға негізделген талап қою арыздар бойынша істер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауға жатады.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды кадр резервінен таңдау бойынша 2016 жылғы 18 наурызда өткізілген комиссия отырысының ШЕШІМІ:

19/04/2016

1. Қазалы аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы лауазымына Сержанов Санат Баймурзаевич.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген

19/04/2016

Қазалы аудандық сотында жекеше айыптау тәртібімен қозғалған азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. жәрленуші Н-ны неше түрлі сөзбен былапыт сөйлеп, сол жақ бет тұсына жұдырығымен бір рет ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген, яғни ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабында қаралған қылмысты жасаған.

Қармақшы аудандық сотында «Төрелік» құжат айналым ақпараттық жүйесін меңгеру бойынша оқыту семинар сабағы өткізілді

19/04/2016

Қармақшы аудандық сотында «Төрелік» құжат айналым ақпараттық жүйесін меңгеру бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинар сабағына кеңсе меңгерушісі Е.Матжанов және сот мамандары қатысты.  

Кеңсе меңгерушісі Е.Матжанов өз баяндамасында «Төрелік» жүйесінің электронды түрде түсетін кіріс құжаттарды тіркеу бойынша нұсқаулықтың талаптарын атап өтті. Сондай-ақ, «Төрелік» бағдарламасы бойынша электрондық карточкаларды толтыру, құжатты жасау тәртібін түсіндірді.

Жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра, алкогольдік масаю күйінде автокөлік басқарғаны үшін, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

19/04/2016

Құқық бұзушы  Н. өзінің автокөлік құралын жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра, алкогольдік масаю күйінде Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев – Е.Көшербаев көшелері қиылысында «Mаzdа 626» маркалы автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Құқық бұзушы Н.  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20  тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылды

19/04/2016

Шиелі аудандық  соты  азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  434 бабының 1 бөлігімен әкімшілік істі қарады.  

Іс материалдарына сәйкес,  азамат А. қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын жерге тастап, айналасындарға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орынды ластаған.

Ортақ пайдалану орнын ластаған

19/04/2016

Құқық бұзушы Қ. Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі 32 үйдің ауласында, шеккен темекісінің қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетті жасаған.

Құқық бұзушы Қ. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып  21210 теңге  айыппұл  салынды.

Анасына былапыт сөйлегені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

19/04/2016

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша,  құқық бұзушы С., 01 сәуір 2016 жылы, сағат 20.00 минут шамасында өзінің тұрғылықты үйінде, анасы М-ға қарсы сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп және бұл әрекетті бір жыл ішінде қайталаған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 2 бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынып, ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарылды

19/04/2016

Қызылорда ОІІД-ң қызметкерлерімен арнайы шолу жүргізу барысында, Қызылорда қаласы, Саулет мөлтек ауданы «Астана Әсем Құрылыс» ЖШС-мен жаңадан салынып жатқан 50 пәтерлік жеті көп қабатты үйде құрылыс жұмыстарын істеп жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы А.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

19/04/2016

2016 жылдың 18 сәуірінде Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов пен судья К.А.Садуақасова қабылдады.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

19/04/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен құқық бұзушы У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы У., 2016 жылы наурыздың 17 күні жергілікті уақыт, сағат 12.00 минут  шамасында Қазалы ауданы, Қорқыт ата көшесінің бойында орналасқан «Аудан әкімшілігі» мекемесінің ауласында, қоғамдық ортақ пайдалану орнында шемішке шағып ластап, әкімшілік жаза қолданылғаннан  кейін бір жыл ішінде ұсақ бұзақылық әрекетін қайталап, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде қаралған ұсақ бұзақылық жасаған.

Жаңақорған аудандық сотымен №169 орта мектебінде көшпелі сот отырысы өтті

19/04/2016

Жаңақорған аудандық сотының судьясы Б.Елшібеков Жаңақорған кентіндегі №169 орта мектебінің мәжіліс залында, көшпелі ашық сот отырысын  өткізді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көшпелі сот отырысы өткізілген мәжіліс залында жоғарғы сыныптағы мектеп оқушылары  қатыстырылды.

Несие алып беремін деп, алаяқтық жасаған

19/04/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен бернеше рет алданып, алаяқтық қылмысын жасаған сотталушы азаматша Л – ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, сотталушы Л. жәбірленуші Г – ны үлкен көлемде несие алып беретініне сендіріп, жәбірленушінің күйеуі Е–ның атынан сауда үйінен жалпы құны 380 758 теңге тұратын мүлкін несие арқылы алдырып иемденген.