Архив событий

28/04/2016

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

28/04/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов Қызылорда қалалық сотының судьялары және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен тілдерді үйрену және білу тақырыбында жедел кеңес өткізді.

Есірткі затын сақтағаны үшін сотталды

28/04/2016

Жаңақорған аудандық сотында сотталушы Н-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен қылмыстық терiс қылық бойынша айыптау актісімен түскен қылмыстық құқық бұзушылық іс қаралды.

Қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, автокөлік басқарған

28/04/2016

Құқық бұзушы Б. өзінің басқаруындағы “Audi A6” автокөлігіне қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, Қызылорда қаласы, Б.Майлин көшесі  бойында басқарған.

Құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 42420 теңге айыппұл салынды. 

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

28/04/2016

Жаңақорған аудандық сотында сотталушы Е-ге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен айыптау актісімен түскен қылмыстық құқық бұзушылық іс қаралды.

Қарама-қарсы бағытқа шығып автокөлік басқарған

28/04/2016

Құқық бұзушы А. басқаруындағы «Lada 21705 169 33» маркалы автокөлігін Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев пен Амангелді көшелерінің қиылысында, жолдың қос жалпақ сызығын басып, толығымен қарама-қарсы бағытына шығып ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1  жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

28/04/2016

Жаңақорған аудандық сотында сотталушы К-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 2 тармағымен айыптау актісімен түскен қылмыстық құқық бұзушылық іс қаралды.

Жол жүрісі қағидасының талаптарын орындамаған

28/04/2016

Құқық бұзушы Е. басқаруындағы «Mercedes-Benz 220 Е» маркалы автокөлігімен Қызылорда қаласы, Батырбаев көшесінің бойында Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидасының 2-бөлімінің 1-тарамағының 2- тармақшасының талабын орындамағаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушының әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігімен дұрыс дәрежеленген, себебі ол ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.