Архив событий

14/04/2016

Жаңақорған аудандық сотымен 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен баспасөз конференциясы өткізілді

14/04/2016

Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосанов өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редактор Қ.Абдуовпен ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша қаралған істер мен атқарылған шаралар жайлы пресс конференция өткізді.

Пресс конференция  барысында  ағымдағы  жылдың 1 тоқсанында сотпен сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен сот ісін уақытылы бастап, қысқа мерзімдерде қарау қатаң жолға қойылғаны туралы аталып, мемлекеттік статистикалық есептерге тоқталып, жария етілді.

Келінін балағаттаған атасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

14/04/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. 25.03.2016 жылы алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде, отбасы-тұрмыстық қатынастағы келіні Б-ға балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, сыйламаушылық көрсеткен.

«Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізу

14/04/2016

13 сәуір 2016 жылы Сырдария аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық сот төрағасы А.Абдулла, судья Ж.Жолдасов, аудан прокурорының көмекшісі Н.Танбаев, ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері, аудандық әкімшілік өкілдері, қорғаушылар және сот қызметкерлері қатысты.

Медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды

14/04/2016

Жаңақорған аудандық сотымен сотталушы О. жәбірленуші Б-мен медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы О. жәбірленуші Б-ның тұрғын үй ауласында орналасқан қоймаға заңсыз кіріп, әр килограммы 450 теңгеден тұратын, жалпы салмағы 475 килограмм, 10 қап жинаулы тұрған тарысын жасырын ұрлап, жәбірленуші Б-ға жалпы 213 750 теңге мүліктік зиян келтірген.

Қазалы аудандық сотында баспасөз конференциясы өткізілді

14/04/2016

12.04.2016 жылы  Қазалы аудандық сотының төрағасы Қайыркелді Темірбаев 2016 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясына  жергілікті  «Қазалы» және «Тәуекел туы» газеттерінің өкілдері және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

2016 жылдың 1-ші тоқсанында аудандық сот өндірісіне 61 адамға қатысты 55 қылмыстық іс, 393 әкімшілік іс, 233  арыз, 5  азаматтық іс түскен.

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

14/04/2016

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен 12 сәуір 2016 жылы «Алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын науқасты наркологиялық ұйымға оның келісімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жіберу санатындағы азаматтық істерді қарау барысындағы қиыншылықтардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

14/04/2016

Қызылорда қалалық сотында «Қоғам ТВ» телеарнасы тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте Қызылорда қалалық сотының судьясы С.Жаппасбаев Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті VII съезінің өткізілуі мен съезде қабылдануы тиіс «Судьялар әдебі Кодексінің» жобасына тоқталды.

Брифингте жобасы талқыланып жатқан судьялардың жаңа әдеп кодексінде талаптың күшейтілгендігін айта келе оның Ұлт жоспарында Елбасы қойған негізгі тапсырма – сапалы судьялар корпусын қалыптастырудың негізгі құралы болып отырғандығын айтты.  

Қызылорда қалалық сотында «Талап арызды өндіріске қабылдау» тақырыбында семинар өтті

14/04/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасы мен судьялардың қатысуымен «Талап арыздарды өндіріске қабылдау» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда сот төрағасы сотқа түскен және өндіріске қабылданған талап арыздар жөніндегі статистикалық мәліметтерге тоқталды. Мысалы, 2016 жылдың 3 айында сотқа 2427 талап арыз түссе оның 1505, яғни 62% сот өндірісіне қабылданған.

ҚР АПК –нің 150 бабына сәйкес судья талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.

Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

14/04/2016

Шиелі аудандық сотымен бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын жасаған Шиелі ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, сотталушы Н. жәбірленуші А-ның ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Сот талқылауында сотталушының жәбірленушіге келтірілген залалды өтеп, тараптардың татуласқаны анықталды.

«Тергеу судьясының өкілеттіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/04/2016

Шиелі аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Шиелі аудандық сотының төрағасы М.Еркінбеков, тергеу судьясы Ә.Түбекбаева, судьялар Г.Кұрманбай мен А.Жолдыбаев, Шиелі аудандық заң кеңесінің адвокаттары М.Тұрсанова, Қ.Жүсіпов, аудандық ІІБ-нің тергеушілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық сотта баспасөз конфенциясы өтті

14/04/2016

Шиелі аудандық сотының төрағасы М.Еркінбеков 2016 жылдың 1-тоқсанында аудандық сотта атқарылған жұмыстары жөнінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілеріне арналған баспасөз конференциясын өткізді.

Конференцияға аудандық сот судьялар Г.Кұрманбай, А.Түбекбаева, А.Жолдыбаев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.