Архив событий

04/04/2016

Қызылорда облыстық сотында Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес өзінің алғашқы отырысын өткізді

04/04/2016

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 17 қадамын жүзеге асыру бағытында және судьялыққа кандидаттарды іріктеу тетігін жетілдіре түсу мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесімен 2016 жылдың 17 ақпанында «Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес туралы» Ережесі қабылданған болатын.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізілді

04/04/2016

1 сәуір 2016 жылы, бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға келген Қызылорда қаласының тұрғыны Қ.Әлібеков сот жүйесіндегі өзгерістер туралы және соттың алқабилермен қарауға жататын істер санаты туралы сұрақтар қойды.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

04/04/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

24 жастағы келіншек күйеуімен және жанұясымен бірге араласып жүрген отбасылы достарымен алкогольді ішімдік ішіп, үй иесі-құрбысымен сөзге келіп, жанжал үстінде асхана пышағымен қарсы келе жатқан құрбысын өлтірген қылмыстық іс бойынша судья Сабыров Асхат Аббасұлы журналистер қойған сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

04/04/2016

2016 жылдың 15 сәуірінде сағат 10:00 мен 12:00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Экономикалық сотта брифинг өткізілді

04/04/2016

2016 жылдың 1 сәуірінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өтті. Брифингті осы соттың судьясы  С.Умарсирикова өткізді.

Брифинг жергілікті баспасөз өкілдерінің  қатысуымен өтті.

Жеңілдетілген іс жүргізу сот ісін қарау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді

04/04/2016

Қызылорда қалалық сотында жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен іс қарау тәжірибесі барынша қолға алынып отыр. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, барлық қаралған істердің 4,7 пайызын осы тәртіппен қаралған істер құраған.

2014 жылы 29 желтоқсанда қолданысқа енгізілген жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі жаңа Азаматтық процестік кодекстің 13 тарауы 144-147 баптарымен «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу» деп аталып реттелген. Аталған тәртіппен қаралатын істердің санаттары жаңа кодексте кобейген және істі қарау мерзімі 1 ай  мерзімді құрап отыр.

Еңбек өтілі анықталды

04/04/2016

Шиелі аудандық сотында азаматша Х-ның еңбек өтілін анықтау жөніндегі заңды маңызы бар фактіні анықтауды сұраған арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотқа жүгінген азаматша Х. 1977 жылдың мамыр айынан 1996 жылдың қазан айына дейін, Шиелі ауданының «Гигант» совхозының №2 бөлімшесінде әр түрлі жұмыстарда істеген. Алайда, мұрағатта кейбір құжаттар сақталмаған. Еңбек өтілін растайтын қажетті құжаттарды басқа жолмен алуға мүмкіншілік болмағандықтан, аталған жылдардағы еңбек өтілін анықтауды сұрап сотқа  жүгінген.

Оңай олжаға кенелгісі келген

04/04/2016

Арал аудандық сотында 30 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен сотталушы Л-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Л. 8 наурыз 2016 жылы сағат 15:00-дер шамасында алкоголь ішімдігін ішкен масаң күйінде, Арал теңізі стансасының темір жол вокзалының перронында орналасқан кафенің нан пісіретін бөлмесіне нан алу үшін кіріп, жәбірленуші К-ның «Нокия-105» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап кетіп, жәбірленушіге 5 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

04/04/2016

Қызылорда  қаласынысының мамандандырылған  әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы К. 09.03.2016 жылы сағат 11:57 минут шамасында Қызылорда қаласы, Әбілқайырхан мен М.Шоқай көшелерінің қиылысында, яғни қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын сол жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы К. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылды

04/04/2016

Шиелі аудандық соты азамат К-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  434-бабы 1–бөлігімен әкімшілік істі қарады.  

Іс материалдарынан, құқық бұзушы К. қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын жерге тастап, айналасындарға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орынды ластаған.

Көлікті құжатсыз мас күйінде басқарған

04/04/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көлікті мас күйінде басқару қозғалыстың басқа қатысушыларына аса қауіп тудыратын әрекет болып табылады.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж., 30 наурыз 2016 жылы көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, «Уаз-31512» маркалы көлігін мас күйінде басқарған.

Қарыз ақша өндірілді

04/04/2016

Шиелі аудандық сотында 20-наурыз 2016 жылы талап қоюшы Т-ның жауапкер Б-дан 100 000 теңге қарыз ақшасын өндіру жайлы азаматтық ісі қаралды.

Сотта талап қоюшы Т. жауапкер Б-ның 2015 жылдың қараша айында  ол туралы міндеттеме қабылдап, өзінен қолхат арқылы 100 000 теңге қарызға алғанын, алайда осы кезге дейін алған ақшасын қайтармай жүргенін көрсетті.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясы отырысы хаттамасынан үзінді (04.04.2016 ж.)

04/04/2016

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижелерінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

1.           Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі  лауазымына (санаты С-О-2, бос орын)  Бурибаев Елтай Абдраевич;

2.       Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы  лауазымына  (санаты С-О-5, бос орын)  Махамбетов Дархан Амандыкович;