Архив событий

11/04/2016

Аудан тұрғыны алғысын білдірді !

11/04/2016

Қазалы  ауданының жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Қазалы» газетінің 06.04.2016 жылғы  №26-санына аудан тұрғыны Мөлдір Картеновадан Қазалы  аудандық сотының судьясы Қуаныш Тасмағанбетұлы Мықановтың атына «Мәртебеңіз биіктей түссін»  атты алғыс хаты жарияланған. 

  

Қылмыстық сот 2016 жылдың 1-ші тоқсанын қорытындылады

11/04/2016

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы және қоғамдық пікір туғызған істер жөнінде БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.  

Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексін талқылау мақсатында семинар-тренинг өткізілді

11/04/2016

2016 жылдың 11 сәуірінде  Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары арасында жаңа Азаматтық процестік кодексінің жаңашылдықтарына арналған семинар-тренинг сабағы ұйымдастырылды.

Семинар-тренингті сот төрағасы ашып, жаңа Азаматтық процестік кодексінің жаңашылдықтарына қысқаша тоқтылып өтті.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өткізілді

11/04/2016

8 сәуір 2016 жылы Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ғимаратында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 30-тарауына сәйкес, көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Әйелін балағаттаған

11/04/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында отбасында жанжал шығарған азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы С. 20.01.2016 жылы, сағат 17:30 минут шамасында Қызылорда қаласы, Астана мөлтек ауданындағы үйіне келіп, әйелі Ж-ға қарсы ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы С. әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы туралы өз кінәсін мойындады.