Архив событий

13/04/2016

Арал аудандық сотында 2016 жылдың 1 тоқсанында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

13/04/2016

Арал аудандық сотында 12 сәуір 2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 1 тоқсанында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

13/04/2016

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың бірінші тоқсандағы  қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференцияны Қызылорда қалалық сотының  судьясы К.А.Садуақасова жүргізді.

Қызылорда қалалық сотына 2016 жылдың 3 айында 3278 азаматтық  талап арыз түскен.

Аяқталған азаматтық істердің саны 2225 істі құрады.

Қазалы аудандық сотында брифинг өткізілді

13/04/2016

Қазалы аудандық сотында жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Қазалы аудандық сотының төрағасы Қайыркелді Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен айыпталған   А. мен Ж., ҚР ҚК-нің  28-бабының 5-бөлігі 188-бабының 3- бөлігімен айыпталған Е-ге қатысты қаралған қылмыстық іске тоқталып өтті.

Сырдария аудандық сотында электрондық атқару парақтарын жолдау тақырыбында брифинг өткізілді

13/04/2016

2016 жылдың 16 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық соттарында электрондық түрдегі атқару құжаттарының қозғалысын бақылау және есепке алу мақсатында әзірленген «Төрелік» ақпараттық жүйесінің көмегімен құжаттарды орындауға жіберу жүйесі енгізілді.

Осыған байланысты 11 сәуір 2016 жылы Сырдария аудандық сотында «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі А.Ибрагимұлының қатысуымен «Электрондық атқару парақтарын жолдау» тақырыбында брифинг өткізілді

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

13/04/2016

Қызылорда қалалық сотында «Қоғам ТВ» телеарнасының тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья Т.Қ.Жусупов «Медиация туралы» заң аясында хабарлама жасап, даулы тараптарды келістіру, мәмілеге, бітімге келу қазақтың дала демократиясында, билер институтында болғандығына тоқталды. 

Байқоңыр қалалық сотында баспасөз конференциясы өткізілді

13/04/2016

11 сәуір 2016 жылы Байқоңыр қалалық сотында 2016 жылдың 3 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы М.Тұрғанбаев пен жергілікті «Тәуекел Туы» газетінің тілшісі қатысты.

Қоғамдық жұмысқа тартылған

13/04/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен азамат Б-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, cотталушы Б., 2016 жылдың ақпан айының 10-күні сағат 19:50-лер шамасында Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс Баһадүр» саябағының ішінде үстіне киген көк түсті джинси шалбарының оң жақ  қалтасында сарғыш түсті қағаз қиындысына оралып, сіріңке қорабына салынған салмағы 0,45 грамм есірткі заты, кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.

Некені бұзу туралы талап сот медиациясы тәртібімен реттелді

13/04/2016

Арал аудандық сотында талап қоюшы С-ның жауапкер К-мен арасында тіркелген некені бұзу туралы азаматтық ісі сот медиациясы тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы талап арызында жауапкермен 2012 жылы заңды некеге тұрғанын, осы некеден бір баласының бар екенін, жауапкермен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Қызылорда қалалық сотында «Азаматтық істер бойынша сараптама тағайындау» тақырыбында семинар-тренинг өтті

13/04/2016

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының, судьялар мен сарапшының қатысуымен «Азаматтық істер бойынша сараптама тағайындау» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинарда сот төрағасы істерді сараптама тағайындай отырып қарау тәжірибесі жайлы баяндама жасады.

Меншікке қарсы қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде ҚПК нормаларын сақтау тәртібі жөнінде тренинг өткізілді

13/04/2016

8 сәуір 2016 жылы Байқоңыр қалалық сотының төрағасы М.А.Тұрғанбаев, Байқоңыр қаласы прокуратурасының прокуроры С.А.Қосқанның, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің ТБ тергеушісі Б.Кребаевтың қатысуымен меншікке қарсы қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде ҚПК нормаларын сақтау тәртібі жөнінде тренинг өткізді.

Тренингте сот төрағасы меншікке қарсы қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде ҚПК нормаларын сақтау тәртібін түсіндірді.

Қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды

13/04/2016

Қазалы аудандық сотында бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н. алкогольден масаң күйінде 2016 жылдың наурыз айының 13 күні сағат 06:00-дер шамасында Әйтеке би кенті, темір жол вокзалының саябақ тұсында жәбірленуші Г-ге себепсіз тиісіп, оның оң жақ бетінен аяғымен бірнеше рет теуіп, соңғының денсаулығына «жеңіл» дәрежелі зиян келтіріп, арсыздығымен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан бұзақылық жасаған.