Архив событий

12/04/2016

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді

12/04/2016

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың 15 сәуірінде сағат 10-00 мен 12-00 аралығында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтеді деп хабарланған болатын.

15 сәуір 2016 жылы Қызылорда облысы соттарының қорытынды жиналыс өтуіне байланысты «Ашық есік» күнінің өткізілуі 18 сәуір 2016 жылға сағат 10.00-12.00-ге кейінге қалдырылғандығы хабарланады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 55-97-84 номеріне хабарласуына болады.

Сотта брифинг өткізілді

12/04/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров «Судья әдебі» кодексінің жобасы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Сотпен әкелігі анықталып, алимент өндірілді

12/04/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талапкер А-ның кәмелетке толмаған 18 тамыз 2013 жылы туылған Е-ге қатысты әкелігін анықтауды және алимент өндіруді сұраған арызы бойынша азаматтық іс қаралды

Сотқа жүгінген талапкер А. жауапкер  Б-мен 2010 жылдан бастап таныс болған, 2012 жылдың қазан, қараша айларында заңды некеге тұрмастан жанұялық қатынаста болып, азаматтық  некеден  18 тамыз 2013  жылы  Е. есімді  ұл  бала дүниеге келген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 3 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

12/04/2016

2016 жылдың 12 сәуірінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Шарада БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестірушісі судья М.Сарсенов 2016 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 575 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 460 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.

Судьялар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік Университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесті

12/04/2016

Қызылорда қалалық сотымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесі қарсаңында және Қазақстан Республикасы Судьяларының кезекті VII съезінің өтуі мен жобасы талқыланып жатқан «Судья әдебі кодексінің» қабылдануына байланысты іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Жоспар бойынша қала төңірегіндегі оқу орындарының заң факультетінде дәріс беретін оқытушылар мен студенттері арасында оқу орнына бара отырып,  әңгімелесу өткізу қарастырылды.

Аналық құқығынан шектелді

12/04/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 49 жасар Арал ауданының тұрғыны Б-ны ата-аналық құқығынан шектеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сырдария аудандық сотында 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өткізілді

12/04/2016

8 сәуір 2016 жылы Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдулла Абдрахман Алиасқарұлы 2016 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясына жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің өкілдері және аудандық соттың баспасөз хатшысы қатысты.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясы отырысы хаттамасынан үзінді (12.04.2016 ж.)

12/04/2016

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижелерінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

Жаңақорған аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы лауазымына (санаты С-R-5, уақытша бос орын)  Баракбаев Серик Мухамбетович.

Пікір білдіріңіздер!

12/04/2016

Сот беделін көтеру, олардың жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету, Қызылорда облыстық соты судьялыққа тағлымдамадан өту үшін бос орындарға  жариялаған конкурсқа кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында тұрғындар назарына төмендегі тізім бойынша кандидаттарды ұсынады.

Аты-жөні