Архив событий

01/04/2016

«Ашық есік күні» өткізіледі

01/04/2016

Шиелі аудандық сотында сот төрелігінің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдың 6 сәуір күні,  сағат 10:00-12:00-де «Ашық есік күні»  өткізілетіндігі  хабарланады.

Мекен жайы: Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі № 11 А, аудандық соттың  ғимараты.

«Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы қаралатын істердің ерекшеліктері» тақырыбында семинар сабағы өтті

01/04/2016

30 наурыз 2016 жылы Сырдария аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлірінің арасында «Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы қаралатын істердің ерекшеліктері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Әйелін балағаттаған

01/04/2016

Қармақшы аудандық сотында отбасында жанжал шығарған азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы өз үйінде айқай шу шығарып, өзінің жұбайын балағаттап сөйлеген.

Жұбайының арызының негізінде Қармақшы аудандық ІІБ-ның полиция учаскелік инспекторы  ҚР ӘҚБтК-ң 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (С-О-2), (С-О-5), (С-О-6), (C-R-4 санаттары) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

01/04/2016

2016 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатылды

01/04/2016

Қызылорда  қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында құқық бұзушы К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. 22.02.2016 жылы, сағат 22:40 минут шамасында Қызылорда қаласы, «Шұғыла» м/а орналасқан үйінде, анасы азаматша Ш-ға қарсы балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.