Архив событий

25/04/2016

Қызылорда қалалық сотында іс азаматтық істі қарауға әзірлік жүргізу сатысында тоқтатылды

25/04/2016

Қызылорда қалалық соты талап қоюшы А-ың жауапкер «Азиаш» ЖШС-нен еңбекақысын өндіру туралы талап қою арызы бойынша  азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істі сотта қарауға әзірлік жүргізу барысында жауапкер «Азиаш» ЖШС-гі талап қоюшы А-ға өз еркімен айлық табысының сомасын толық төледі.

ҚР АПК-тің 48 бабының 1 тармағының талаптарына сәйкес, талап қоюшы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы.

Медиация кабинеті ашылды

25/04/2016

22 сәуір 2016 жылы Сырдария аудандық сотында «Медиация кабинетін ашу» тақырыбында брифинг өткізді.

Іс-шараға аудандық сотының судьясы, Сырдария аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі қатысты.

Судья Ж.Жолдасов өз сөзінде Қазақстанда медиация институтының дамуы, дауды шешудегі татуластыру рәсімдерінің маңыздылығы және дауды сот арқылы шешуінен гөрі медиация қолдануының артықшылығы туралы атап өтті.

Қызылорда қалалық сотында алимент өндіру туралы азаматтық іс бітімгершілік келісіммен қаралды

25/04/2016

Азаматша А. сотқа жауапкер М-дан баласы 3 жасқа толған мерзіміне дейін жұбайын күтіп бағу үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіру туралы талап қою арызын келтірді.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар мәмілеге келді және дауды бітімгершілік келісіммен шешті.

Айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген

25/04/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат З-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы З. 20.04.2016 жылы сағат 18.30-дар шамасында қоғамдық орында, яғни «Маңғышылақ-Алматы» жолаушылар поезының №8 вагонында масаң күйде балағат сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Х а б а р л а н д ы р у

25/04/2016

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің филиалы Байқоңыр қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы (С-R-5 санаты, индексі №2-1-7, 1-бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 02.12.2017 жылдың дейін). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Х а б а р л а н д ы р у

25/04/2016

1. Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы ( С-О-4 санаты, 1 бірлік,   индекс №03-1).  Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 109932 теңгеден  148242 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

Ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық іс қанағаттандырылды

25/04/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талапкер Ж-ның жауапкер Г-ге қатысты кәмелетке толмаған 08.05.2009 жылы туылған баласы К-ға қатысты ата-аналық құқығынан айыруды сұраған азаматтық ісін қарады.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

25/04/2016

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «О» жеке кәсіпкеріне банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

Жеке кәсіпкердің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 02.03.2016 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 396 918,33 теңге, оның ішінде бересі – 303 633,47 теңге, өсімпұл – 93 284,86 теңгені құраған.

Байқоңыр қалалық сотында семинар сабақ өткізілді

25/04/2016

20 сәуір 2016 жылы Байқоңыр қалалық сотында ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №1291 қаулысымен бекітілген соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптқ заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы ережесін талқылау мақсатында семинар сабақ өткізілді.

Қызылорда қалалық сотында «Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау тәртібіне» жасалған шолуды талқылау өтті

25/04/2016

Қызылорда қалалық сотында жұмыс жоспарына сәйкес жасалған «2016 жылдың 1 тоқсанында «Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау тәртібіне» жасалған шолуды талқылау өтті.

Шолуды жасаған бас маман Н.К.Дуйсенова осы мерзімдегі түскен арыз шағымдардың статистикалық мәліметтері жайлы айтты.

Сондай-ақ, азаматтардың сотқа арыз шағым келтіретін негізгі тақырыптарына тоқталды. Бұл жерде азаматтық істердің  қаралуына қатысты емес арыз шағымдар негізге алынғандығын айта кету керек.

Азаматтық істер медиация тәртібімен қысқартылды

25/04/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  бір күнде 4 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Олар талап қоюшы «Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Қ» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнынан тұрақсыздық айыппұлын және мемлекеттік баж өндіру туралы азаматтық істері.

Сотта тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Судьялар БАҚ өкілдерімен кездесті

25/04/2016

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттарының 2016 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын облыстық соттың азаматтық жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Т.Адранов, облыстық соттың судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші А.З.Наримов жүргізді.