Архив событий

08/04/2016

Күмән сотпен сейілді

08/04/2016

Әр бір отбасыда ыдыс шайқалмай тұрмайды. Отбасы құрғаннан кейін бала толық қанды отбасында тәрбиеленуге тиіс. Бұл ретте әкесі өзінің ішкі сенімсіздігінен әйеліне күмәнданып сотқа әкелігінің күшін жоюды және туу туралы акт жазбасынан алып тастау туралы талап арызымен жүгінген.

Сот талқылауына дайындау сатысында сотпен молекулярлы-генетикалық сараптама тағайындау туралы ұйғарым қабылданып, сараптама қорытындысы нәтижесімен жауапкер А.Сыздыковтың кәмелетке толмаған баласының  әкесі екені жөніндегі айқындығы 99,9999 % -ға  анықталды.

Бірінші тоқсан қорытындыланды

08/04/2016

7 сәуір  2016 жылы  Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференцияны Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының  төрағасы М.Ш.Ибрашев жүргізді.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына 2016 жылдың бірінші  тоқсанында 1323  әкімшілік іс  келіп түскен  Оның ішінде 4 әкімшілік іс ведомстволық бағыныстылық бойынша қарау үшін жолданса,  1267  әкімшілік іс негізінен қаралған.

«Сот кабинеті» және сотта қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/04/2016

2016 жылдың 7 сәуірінде  Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері «Сот кабинеті» және сотта қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Қызылорда қаласында орналасқан банк өкілдері, Қызылорда қалалық кірістер басқармасы ММ, Қазақтелеком АҚ, Қызылорда су жүйесі МКК-нің өкілдері қатысты. 

Брифинг өткізілді

08/04/2016

Арал аудандық сотында 7 сәуір 2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен есірткі заттарының заңсыз айналымы сипатында қаралған қылмыстық істер бойынша брифинг өтті.

Тонау жасаған кәмелетке толмағандар

08/04/2016

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1,2,3 тармақтарымен кәмелетке толмаған сотталушылар Е.Базаров пен М.Маратовқа  қатысты қылмыстық ісі түсіп, қаралды.

Тараптардың татуласуына байланысты іс қысқартылды

08/04/2016

Қазалы аудандық сотында ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А., алкогольден масаң күйінде 2016 жылдың наурыз айының 08-нен 09-на қараған түні сағат 01:00-дер шамасында бөтеннің мүлкін қоймаға заңсыз кіріп жасырын жымқыруға оқталып, жәбірленуші  Н-ның үйінің терезе әйнегін сындырып  үйге кіріп ұрлыққа түспекші болған кезінде полиция қызметкерлері ұстап алып, қылмыстық әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмай ұрлық жасауға оқталған.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің сараптама тағайындау, жүргiзу (772-бабы) және сарапшы мен маманның қорытындысы және айғақтары (773-бабы) тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

08/04/2016

2016 жылдың 6 сәуірінде Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ғимаратында «Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің сараптама тағайындау, жүргiзу және сарапшы мен маманның қорытындысы және айғақтары туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған дөңгелек үстелге Қызылорда облысы бойынша сот сараптама институтының сарапшылары бас сарапшы Б.Алиакбаров, жетекші сарапшы С.С.Женсинбаев, БАҚ өкілдерінің және Қызылорда қаласының мамандандырылған  әкімшілік  сотының судьялары қатысты.

Ата-ананың балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамаған

08/04/2016

Балаларды тәрбиелеу-бұл әрбір ата-ананың міндеті, болашағына жауаптылығы. Баланың болашақ тағдыры көптеген жағдайда ата-анасына байланысты. Бала адамдармен кең пейілді қарым-қатынаста болу үшін, алдымен ата-ананың өздері дұрыс жолда болуы тиіс. Бірақ көбінесе ата-аналар бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін толық орындамайды.

1 сәуір 2016 жылы Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының 127-бабының 1-бөлігімен азаматша Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

08/04/2016

2016 жылдың 7 сәурінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында заңды тұлға өкілдерінің қатысуымен  «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.

«Ашық есік күніне» келуші азаматтарды  Қызылорда облыстық сотының   азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов пен экономикалық соттың төрағасы А.Дәуренбеков қабылдады.

Іс-шараға келген А.Бақайбаева өзін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

Судья БАҚ-дарымен кездесті

08/04/2016

2016 жылдың 08 сәуірінде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бержанов Қайратбек Маханбетұлы 2016 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесті.

Баспасөз маслихатына судья Қ.Бержанов, кеңсе меңгерушісі, кеңсе мамандары, «Час-Пик», «Тіл сақшысы» газеттерінің тілшілері қатысты.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс бойынша (C-R-5 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

08/04/2016

2016 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттарды таңдау бойынша отырысы өтті.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі:

Жаңақорған аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы уақытша бос лауазымына (санаты С-R-5):