Архив событий

27/04/2016

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

27/04/2016

2016 жылдың мамыр айының 3 жұлдызында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-74 телефоны және 724-2061@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды. 

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін жазаланды

27/04/2016

Қармақшы аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабының 2 бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік ісін қарады.

2016 жылдың сәуір айында құқық бұзушы Ж., алкогольдік мас күйінде бола тұрып, Жосалы кентінде орналасқан дүкенде жанжал шығарып, азаматша Л-ға балағат сөздер айтқан. Сол іс-әрекетімен қоғамдық тәртiптi бұза отырып, төңiрегiндегiлерге сыйламаушылық бiлдiрген.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін жауапқа тартылды

27/04/2016

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.  

Сот отырысында құқық бұзушы азамат Ғ. қоғамдық орында шемішке шағып, қабығын жерге тастап, айналасындарға сыйламаушылық білдіріп, ортақ пайдалану орынды ластағаны анықталған.

Сотта құқық бұзушы  Ғ.  өзінің  кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген.

Заңсыз қызыл түсті жарығы бар аспаптары құрылғысын орнатып автокөлік басқарған

27/04/2016

Құқық бұзушы Ж. Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі №3 қалалық емхана тұсында «Ваз 21144 110-40» маркалы автокөлігінің алдыңғы бөлігіне заңсыз қызыл түсті жарығы бар аспаптары құрылғысын орнатып басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Құқық бұзушы Ж. ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 31815 теңге айыппұл салынды. 

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді

27/04/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106 бабының 1 бөлігімен сотталушы Х-ның қылмыстық ісі қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес сотталушы Х. алкогольден масаң күйінде 2015 жылдың желтоқсан айында жәбірленуші О-ның үйіне барып, оған «немеремді неге балағаттайсың»-деп өзара сөзге келіп, сол жерде үстел үстінде тұрған асхана пышағымен жәбірленушінің кеуде тұсына бірнеше рет тығып, жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Семинар-тренинг өткізілді

27/04/2016

Арал аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Атқару құжаттарын электронды түрде жолдау» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Бір жылда екінші рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған

27/04/2016

Қазалы аудандық сотында 26.04.2016 жылы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

          Азамат Ж., «Серік ТВ» телеарнасының ғимаратының алдында алкогольді масаң күйінде былапыт сөйлеп, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіретін әрекетті жасаған.  Сотпен Ж-ның бұл құқық бұзушылықты бір жыл ішінде  екінші рет жасап отырғаны анықталды.

Қызылорда қалалық сотының судьясы сұқбат берді

27/04/2016

Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Ә.Садуақасова «31 арна» телеарнасының журналистеріне сұхбат берді.

Журналистер Қызылорда қалалық сотында қаралған талапкер З.Мырзабаеваның жауапкер «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-нің әрекетін заңсыз деп танып, өзінің тұрғын үй кезегін қалпына келтіру туралы азаматтық ісінің қаралу нәтижесі бойынша сұрақтар қойып, судья оларға жан-жақты жауап берді. 

Жол қозғалысы ережесін бұзған

27/04/2016

Құқық бұзушы С. басқаруындағы «Mitsubishi Galant» маркалы  автокөлігін Қызылорда қаласы М.Жұмабаев және Шалғымбаев көшелері қиылысында алдында бағыттас қозғалыс жасап келген «Ваз 21060» маркалы автокөлігі арасында тиісті ара-қашықтықты сақтамай артына соқтығысып, «Ваз 21060» автокөлігіне мүліктік залал және азамат З-ның денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтiрген.

Бөтеннің мүлкін бірнеше рет жымқыру оқиғасына қатысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды

27/04/2016

Қазалы аудандық сотында 21 сәуір 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 2 бөлігінің 2,3-тармағымен, 24-бабының 3-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен сотталушы Е-ның қылмыстық ісі қаралды.

Ұсақ бұзақылыққа қатысты әкімшілік іс қаралды

27/04/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық    бұзушылықты жасаған азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық  бұзушы  Д. 2016 жылдың 15 сәуірі күні сағат 21:00 минут  шамасында №378 Маңғышлақ-Алматы жолаушылар поезының №7 вагонында, яғни, қоғамдық көлікте  адамдардың тыныштығын бұзып, былапыт сөйлеп,  айналасындағыларға сыйламаушылық білдіретін әрекетті жасаған.

Құқық бұзушының әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты тоқтатылды

27/04/2016

Құқық бұзушы А. өзінің басқаруындағы «Mercedes-Benz 200 E» маркалы автокөлігін Қызылорда қаласы, Жібек Жолы көшесі мен А.Мүсілімұлы көшелерінің қиылысында автокөлігінің рульдік басқару жүйесіне ие бола алмай, аталған көше бойындағы жол жиегінде орналасқан электр шам бағанасына соқтығыс жасап,  жол - көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалып, ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.