Архив событий

16/04/2016

Сайлау барысында көрсеткен жауапкершіліктері мен азаматтық белсенділіктері үшін марапатталды

16/04/2016

Биыл тәуелсіз еліміз үшін маңызды шараларға толы жыл болмақ. Оның бір дәлелі мемлекетімізде өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы.

Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы және азаматтардың өз елі үшін атқаратын маңызды қадамдарының бірі. Сонымен қатар, сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы.

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы С.К.Байбатыров Қазақстан-Қызылорда телеарнасына сұхбат берді

16/04/2016

Кеше Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы С.К.Байбатыров Қазақстан-Қызылорда телеарнасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында С.К.Байбатыров алдағы уақытта өтетін республика судьяларының VIІ съезінің негізгі мақсатын айтып өтті. Сонымен бірге, өткен жылдың қорытындысымен облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың жұмысын үздік ұйымдастыру бойынша республикалық соттар арасынан үздік атанған Арал аудандық сотының сот төрелігін жүзеге асырудағы мінсіз қызметін атап көрсетті.

Адал еңбектің қайырымы ел алғысы

16/04/2016

Адал еңбектің қайырымы ел алғысы болмақ, алғысқа бөленсең, соғұрлым еңсең көтеріліп, жұмысың алға  басатыны айқын.

«Батамен ел көгереді» демекші, ел батасы мен оның алғысына бөлену сот қауымы үшін аса маңызды. Осындай ізгілікке бөленген жанның алғыс хаты Қызылорда облыстық соты төрағасының хат қоржынына түсті.

 Хат мазмұны Қызылорда қалалық соты талап қоюшы А.Әуелбековтың жауапкер «Азиаш» ЖШС-нен еңбекақысын өндіру туралы талап қою арызы бойынша баяндалған.

Сенбілік өткізілді

16/04/2016

16 сәуір 2016 жылы Арал аудандық сотында сенбілік ұйымдастырылып, өткізілді.

Сенбілікте сот қызметкерлерімен ғимарат ішіндегі қызметтік бөлмелерге, залдарға, сот ғимаратының айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ауладағы талдар әктеліп, түптері қопсытылды.