Архив событий

07/04/2016

Жиырма бір жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатқанда, жауаптылықты естен шығарған

07/04/2016

Арал аудандық сотында 30 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 1 бөлігімен азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. Арал қаласы, Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс жасап тұрып, 20.12.1995 жылы туылған Қ-ға екі шөлмек сыра сатқан, яғни ол жиырма бір жасқа дейінгі адамға алкоголь өнімін өткізген.

Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

07/04/2016

      Шиелі аудандық сотында азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес кеңестер беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

      Аудандық сотта сот ашықтығы, жариялылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ай сайын «Ашық есік күні» шарасы өткізіліп тұрады.

      Іс-шара барысында аудандық сот төрағасы М.Ж.Еркінбеков Шиелі ауданының тұрғындары А.Нұрымбетованы, Ж.Оспановты қабылдап, жаңа азаматтық процестік кодекстің талаптары бойынша, қарыз ақша өндіру және неке бұзу мәселелері бойыша сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

07/04/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов 2016 жылдың 1 тоқсанында сот отырысы кейінге қалдырыла отырып қаралған істер бойынша туындаған сұрақтарға қатысты жедел кеңес өткізді.

Құқығынан айырыла тұра көлікті басқарған

07/04/2016

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен азамат Д-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотталушы Д., 15.07.2015 жылы Қазалы аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылған. Алайда, ол осыған қарамай, 02 наурыз 2016 жылы «Мерседес Бенц-200 Е» маркалы автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарып келе жатып, жол-полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот шешімімен еңбек өтілі фактісі анықталды

07/04/2016

Арал аудандық сотында 15 наурыз 2016 жылы азаматша Р-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілін анықтау фактісі жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматша Р. арызында 1987 жылдың маусым айынан 1997 жылдың мамыр айына дейін «Қамыстыбас рабкооп» мекемесінде экспедитор болып жұмыс істегенін, алайда еңбек кітапшасының жоғалып қалғанын. Еңбек өтілін растайтын құжаттарды басқа жолмен алуға мүмкіншілік болмағанын, сол себепті жоғарыда аталған жылдардағы еңбек өтілі фактісін анықтау үшін сотқа жүгінгенін көрсеткен.

Жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

07/04/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596 бабының 3 бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) көзделген әкімшілік іс қаралды.

Іс-материалдарынан азамат Ж., 11.03.2016 жылы сағат 08:30 минут шамасында Қызылорда қаласы, Жібек жолы – С.Бейбарыс көшелерінің қиылысы тұсында өзінің басқаруындағы «Volkswagen Polo» маркалы автокөлігін қарсы бағытта жолдың жүру бөлігіне шығып басқарған.

Қызылорда қалалық сотында «Талап қою арыздарын кері қайтару тәжірибесіне» жасалған шолуды талқылау өтті

07/04/2016

Қызылорда қалалық сотында жұмыс жоспарына сәйкес жасалған «2016 жылдың 1 тоқсанында талап қою арыздарын кері қайтару тәжірибесіне» жасалған шолуды талқылау өтті.

Жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

07/04/2016

Қазалы аудандық сотына жеке айыптау тәртібімен, жекеше айыптаушы А-ның айыпталушы Н-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 109-бабымен қылмыстық жауапқа тарту жөнінде шағымданған.

Жекеше айыптаушы А. шағымында, жекеше айыпталушы Н. өзін себепсіз ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежелі зиян келтіргенін көрсетті.

Істі қарау барысында, жекеше айыптаушы А. өзінің жеке айыптау шағымынан бас тартып,  қылмыстық істі қысқартуды сұрап, арыз тапсырды.