Архив событий

22/04/2016

Сот талап қоюшының арызын қанағаттандырды

22/04/2016

Аудандық сот мәжіліс залында 2016 жылдың сәуір айының 15 күні талап қоюшы «Борышкерлермен жұмыс жасау бюросы» ЖШС-нің жауапкер Ж-дан банктік займ туралы шарт бойынша қарызын өндіру жайлы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы «Борышкерлермен жұмыс жасау бюросы» ЖШС-і сотқа талап арыз беріп, онда банктік займ шарты бойынша Ж., 266 384 (екі жүз алпыс алты мың үш жүз сексен төрт) теңге қарызын екенін, сондықтан Ж.-дан несие қарызымен баж алымын өндіруді сұраған.

Заңсыз құрылыс жүргізген

22/04/2016

Жеке кәсіпкер Н. Қызылорда қаласы, Арай тұрғын ауданында орналасқан дүкен құрылысы обьектісі бойынша ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 68-бабының 2-тармағының талабын бұзғаны анықталып, яғни жерге тиісті құқықсыз дүкенге қосымша заңсыз құрылыс жүргізген.

Құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 319-бабымен кінәлі деп танып, заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзбай,оған 30  айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 63630   теңге айыппұл салынды. 

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

22/04/2016

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен Өзбекстан Республикасы азаматы Ю-ға қатысты қозғалған әкімшілік іс қаралды.

Құжаттарын тексеру кезінде анықталғандай, Өзбекстан Республикасы азаматы Ю. 29 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасына жұмысқа  тұруға келіп, күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі  мерзімнен астам уақыт ішкі істер органдарына тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болу Қағидаларын бұзып, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылында жүрген.

Байқоңырда жүргізуші, көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, масаң күйінде көлік жүргізген

22/04/2016

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы М-ның Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық ісі  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы М. алкогольдік масаң күйінде 16.04.2016 жылы сағат 22.15-тер шамасында Төретам кенті К.Байсеитова  көшесі бойында «Уаз» маркалы автокөлігін көлік құралын басқару құқығы жоқ күйінде басқарып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Қазалы аудандық сотында көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы әкімшілік іс қаралды

22/04/2016

Іс-құжаттарына сәйкес құқық бұзушы  Ж., 2016 жылдың наурыз айының 27 күні сағат 00.50 минут шамасында Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесінде өзінің басқаруындағы «Mercedes-Benz 190» маркалы автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарған. Сөйтіп құқық бұзушы Ж., ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.       

Сот қаулысымен азамат Ж,. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Әкесін балағаттап, әкімшілік қамаққа алынды

22/04/2016

Жалағаш аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс бойынша, Н. 18.04.2016 жылы, сағат 16.00-дер шамасында Жалағаш кентінде орналасқан өз үйінде әкесі К-ға себепсіз тиісіп, балағаттап, ар-намысына тиіп, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ іс-әрекеттер жасап, жанұя тыныштығын бұзған.

Әкімшілік айыппұл сомасы қысқартылды

22/04/2016

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен қозғалған азамат Т-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Т. Төретам станциясы перронында, қоғамдық орында темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастаған, осылайша айналасындағы адамдарға құрметтемеушілік танытып, қоғамдық орынды ластаған және қоғамдық тәртіпті бұзған.

Азамат Т. өз кінәсін мойындайтынын, қазіргі таңда өзінің жұмыссыз екенін айтып, соттан айыппұл салмауын өтініп, өкінетінін айтты.

Жазасын өтеушіге 1000 теңге ақшаны жасырын бермекші болған

22/04/2016

Құқық бұзушы М. 24.03.2016 жылы жергілікті сағат 12:10 шамасында ҚР ІІМ ҚАЖК-нің Қызылорда облысы бойынша департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші Р-мен кездесуге келген кезінде 1000 теңгелік бір дана ақшаны оған жасырын бермекші болған.

Құқық бұзушы М. ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.

Еңбек өтілі фактісі анықталды

22/04/2016

Арал аудандық сотында азамат Ш-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілін анықтау фактісі жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотты құрметтемеушілігі үшін әкімішілік жауапкершілікке тартылды

22/04/2016

Қызылорда қалалық сотында талапкер У. жауапкерлер У., «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ мен сот орындаушысына мүлікті тиымнан босату туралы талап қою арызын келтірді.

Азаматтық істі қарау барысында жауапкер әділет органының сот қаулыларын орындау бөлімінің маманы тиісті түрде хабарланса да бірнеше рет сот отырысына келмеген.

Қоғамдық орында мас күйінде жүрген

22/04/2016

Құқық бұзушы А. бұрын қоғамдық орында, яғни көшенің бойында алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде жүргені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, 28.03.2016 жылы жергілікті уақыт сағат 11:00 минут шамасында, Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті Тасарық мөлтек ауданында  қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулікке  әкімшілік қамаққа алынды.

Қала көшелерінде судьялар съезді туралы жарнама билбордтар ілінді

22/04/2016

Мемлекет басшысының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру аясында, Астана қаласында 2016 жылы Республика судьяларының VII съезі өткізілу жоспарлануда.

Кезектен тыс өткізілетін съезде судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдау мәселесі негізгі күн тәртібінде тұр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сот төрелігінің әділдігі мен жедел, әрі толық орындалуы – кез-келген елдің кемел болмысының көрінісі» дегендей, халықты сотта орын алып жатқан жаңалықтармен етене таныстыру, сот төрелігінің ашықтығының кепілі.