Архив событий

06/04/2016

Қызылорда қалалық сотында іс бітімгершілік келісімге келумен аяқталды

06/04/2016

Азаматша Д. сотқа жауапкер А-дан 1 400 000 тенге қарыз сомасын, 140 000 тенге айыппұл және өкілдің қызметі үшін төленген 150 000 теңгені өндіру туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот отырысында тараптар татуласу келісіміне келіп, жауапкер ай сайын қарыз сомасын қолма қол бөліп төлейтін болған, ал талап қоюшы өз кезегінде жауапкердің шартын қабылдап, айыппұл мен өкілдің қызметіне төленген соманы өндіруді сұраған талабынан бас тартқан. Тараптар соттан бітімгершілік келісімді бекітуді сұраған.

Есірткі затын заңсыз өткізген

06/04/2016

Арал аудандық сотында 29 наурыз 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297 бабының 1 бөлігімен сотталушы Т-ның қылмыстық ісі қаралды.

Тікелей эфирде «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» аясында атқарылған шаралар сөз болды

06/04/2016

Елбасының елді даму мен жаңаруға бастайтын «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бес институционалдық реформасы аясында заң саласына қатысты көптеген жаңалықтар енді.

Ең басты жаңалық, сот жүйесі сатылары оңтайландырып, судья лауазымына үміткерлерді іріктеу механизмі және біліктілік талаптары қатаңдатылды. Реформа негізінде мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 жаңа заң қабылданады деп жоспарланып, бүгінде бірқатар заңнамалар күшіне енді.

Қылмыстық сотта Қазақстан Республикасы судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары әдеп кодексінің жобасы талқыланды

06/04/2016

2016 жылдың 5 сәуір күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлері арасында  Қазақстан Республикасы судьяларының мінез-құлық қағидаттары мен қағидалары әдеп кодексінің жобасы талқыланды.

Семинар-тренинг өткізілді

06/04/2016

Қызметкерлердің кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында, 2016 жылдың 6 сәуірінде Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 5 наурызында № 6001-16-7-6/89 өкімімен бекітілген аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидасы туралы семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға сот қызметкерлері қатысты.

Қызылорда қалалық сотында оқып-үйрену сабағы өтті

06/04/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысымен 05.03.2016 жылы бекітілген Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс қағаздарын жүргізу Ережелерін оқып-үйрену сабағы өтті.        

Сот ұсақ бұзақылық жасаған азаматшаға қатысты әкімшілік іс қарады

06/04/2016

Құқық бұзушы Қ. 25 ақпан 2016 жылы сағат 11:00 минут шамасында Қызылорда қаласы, Әбілқайырхан көшесі бойында, яғни қоғамдық орында шемішке шағып, қалдығын сол жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. Осы әрекеттерімен ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Қ. кінәсін мойындап, отбасы жағдайына байланысты жұмыссыз екенін білдіріп, жеңіл жаза тағайындауын сұрады.