«Төрелік» жүйесі арқылы атқару парағын рәсімдеп, жолдау тәртібі талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша атқару парақтарын, әкімшілік істермен сот қаулылары «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімдеу және жолдау тәртібі туралы» үйрену сабағы өтті.

Кеңсе меңгерушісі М.Асанова азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер бойынша атқару парақтарын «Төрелік» жүйесі арқылы рәсімдеп, сот орындаушыларына жолдау тәсілдерін айтып, атқару парақтарының жолдану ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Атап айтқанда, «Төрелік» жүйесі арқылы рәсімделген азаматтық, қылмыстық істер бойынша атқару парақтары «судья мен сот отырысы хатшысының электрондық қолтаңбасымен, ал, әкімшілік істер бойынша «әзірленген атқару парақтары «сақтау» белгісімен сақталып  автоматты түрде сот орындаушыларға жіберілетіндігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, үйрену сабағында «Төрелік» жүйесімен осындай жұмыс жасау әдісі тиімді екендігі және уақытты барынша үнемдейтіндігі айтылды.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі