Түнгі 23:00-ден кейін алкогольдік өнім сатқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы М. 30.03.2016 жылы жергілікті сағат 23:20 минут шамасында Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі бойында орналасқан  дүкенде сатушы болып тұрып, түнгі сағат 23:00 – тен кейін алкогольдік өнімін сатып  ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Құқық бұзушы М. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10  айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 21210 теңге айыппұл  салынды. 

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі