Алимент төлемегені үшін құқық бұзушы қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, құқық бұзушы Б. Қармақшы аудандық сотының сот бұйрығы негізінде өндіріп алушы Г-нің пайдасына алимент төлеуге міндетті болған. Алайда, Б. 21.07.2013 жылдан бастап осы күнге дейін алимент төлеуден жалтарған. Осы мерзім аралығында құқық бұзушының алимент жөніндегі қарызы 1234669 теңгені құраған.       Яғни,  ол Қармақшы аумақтық сот орындаушылар бөлімшесінің сот актісінің талаптарын орындау туралы бірнеше рет жасалған ескертулеріне қарамастан, сот актісін қасақана орындаудан жалтарып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны анықталды.

Қармақшы аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.    

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі