Қармақшы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттің өзекті міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

18 сәуір 2016 жылы Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев құқық қорғау органдар мен жергілікті уәкілетті мекемелер арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттің өзекті міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында төраға Қ.Абдуллаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленгенін, осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу - өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке тұлғалардың қызметі және парызы екендігін айтып жеткізді.

Дөңгелек үстел соңында, ішкі істер бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан да сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жағдайын жасауымыз қажет деп атап өтті.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі