ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің талаптарын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы дара кәсіпкер З. 20.01.2015 жылға дейін этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі мен айналымы саласындағы қызметке лицензиясы негізінде алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты лицензиялық алымды төлемей, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 472-бабының 2-бөлігінің талаптарын сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 282-бабының 8-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, құқық бұзушының арызына байланысты, сотта қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарына - салық төлеушілер электронды компьютерлік базалық жүйесі арқылы құқық бұзушы З-мен лицензиялық алым төленбегені 20.01.2015 жылдан бастап белгілі болғанына қарамастан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама 17.02.2016 жылы, яғни бір жылдан кейін толтырылған.

Дара кәсіпкер З. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 282-бабының 8-бөлігімен қозғалған әкімшілік істі, әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуiне және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларға байланысты сот өндірісінен тоқтатылып, әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі