Архив событий

28/07/2016

Қызылорда облыстық соты облыс тұрғындарымен online режимінде интернет-конференция өткізді

28/07/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының бастамасымен сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін online режимінде интернет-конференция өтті.

Қызылорда облыстық сотының интернет-ресурсындағы (http://kzl.sud.kz/) төраға блогының «Сұрақ-жауап» айдарына (http://kzl.sud.kz/kaz/node/add/question) түскен сауалдарға ақпараттар мен тиісті түсіндірулер берілді.

Әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы бұзған

28/07/2016

Қазалы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Б., әкімшілік қадағалау қағидаларын орындамай, ішімдік ішкен күйінде аудандық ішкі істер бөліміне келгені анықталған.

Сот қаулысымен азамат Б., ҚР ӘҚБтК-нің 480-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты

28/07/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы М-ға қатысты қылмыстық іс  қаралды.

Сотта азамат М. автокөлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысымен оның алкольдік ауыр дәрежелі  масаң күйінде болғаны бекітілген.            

Билік өкіліне қарсы шығып, шенін жыртқандар заң алдында жауап берді

28/07/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында билік өкілінің өз лауазымдық  міндеттерін атқаруына байланысты оған қатысты өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолданған сотталушылар С. мен Б - ға қатысты үкім шықты.

Алаяқтық бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/07/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Г-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта,  сотталушы Г-ның  алдау не сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін иемдену арқылы  қылмыс  жасап жәбірленуші Ж-ға 120 000 теңге мүліктік шығын келтіріп,  алаяқтық жасағаны анықталған.

Сот отырысында сотталушы Г. өз кінәсін мойындап, қылмыстық жауапкершіліктен жәбірленушімен медиациялық тәртіппен келісімге келуіне байланысты істі қысқартуды сұрады.

Мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беретіндігін айтып, сенімге кіріп, алаяқтық жасаған

28/07/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет алдап алып, жымқырып, алаяқтық қылмысын жасаған сотталушы азаматша  Ә – ге қатысты үкім шықты.

Жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамағаны үшін жаза тағайындалды

28/07/2016

Қазалы аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат С. көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, автокөлік басқару кезінде басқа автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері арасында оқып үйрену сабағы өтті

28/07/2016

Сырдария АІІБ-де «Әкімшілік істерді Сот кабинеті электрондық ақпарат жүйесі арқылы жолдау» тақырыбында оқып үйрету сабағы өтті.

Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов, «Сот кабинеті» жүйесі арқылы әкімшілік істерді жолдауға жауапты полиция қызметкерлері және аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қатысты.

Оқып үйрету барысында «Сот кабинеті» сервисінің барлық жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.   

Қазалы аудандық сотында "Ашық есік күні" өткізілді

28/07/2016

2016 жылдың 22 шілдесі күні Қызылорда облыстық сотында бекітілген кестеге сәйкес, Қазалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Қабылдауға аудан тұрғыны азаматша С. келіп,  банктен несие алғандығын, алайда несиені уақытылы төлеп отырғанына қарамастан, банк тарапынан ағымдағы шотына шектеу қойылғандығына түсіндірме беруді  сұрады.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Абдыкалыков қойылған сұрақтарға заң талаптарына сәйкес жауап берді. 

Медиация тәртібімен қысқартылған азаматтық істер бойынша брифинг өткізілді

28/07/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында медиация тәртібімен келісімге келуге байланысты тоқтатылған азаматтық іс бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуларымен судья З.Жарылқасынова брифинг өткізді.

Қармақшы аудандық сотында қарызды өндіру туралы іс қаралды

28/07/2016

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы "Еуразиялық банк" АҚ-ның жауапкер Д-дан банктік заем шарты бойынша қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, банкпен жауапкердің арасында жасалған банктік заем шартына сәйкес, жауапкерге несие берілген. Жауапкер өзіне алған міндеттемелерін өз уақытында орындамағандықтан, банкке берешек болған.

Қазалы аудандық сотында «Ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер» тақырыбында семинар өтті

28/07/2016

Іс-шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Абдыкалыков, судьялар Г.Тиштикбаева, М.Оспанов, Қ.Мыханов, тәлімгер судья Б.Махамбетали қатысты.

Семинар барысында судья Г.Тиштикбаева Қазақстан Республикасы АПК-не сәйкес «Ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралатын істер» тақырыбында баяндама жасап, ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге жеке  тоқталып, кеңінен түсіндірме жасады. Сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін атап өтті.

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

28/07/2016

Қызылорда облыстық сотының жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 1 тамызында, сағат 16:00-ден 18:00 аралығында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймыз.

«Ашық есік күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.