Жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамағаны үшін жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат С. көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, автокөлік басқару кезінде басқа автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалғаны анықталды.

Сот қаулысымен азамат С. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі және 611-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып («Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы»), оған 21 210 теңге айыппұл салу және 30 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі